«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Қолды өндеу деңгейлері. Қолды гигиеналық деңгейде жуу кезеңдері



бет20/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

20. Қолды өндеу деңгейлері. Қолды гигиеналық деңгейде жуу кезеңдері
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Пациенттің және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, пациенттің биологиялық сұйықтықтарымен ластану қауіпінде, стерильді қолғапты кию алдында және шешкеннен соң, жұқпалы, паразитарлы пациенттерге күтім жүргізуден алдын.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

  • Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау;

  • Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру;

  • Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау;

  • Саусақтарды "құлыпқа" біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау;

  • Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау. Білекте қайталау. Қолды ауыстыру;

  • Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

  1. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.

  2. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

  3. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту:

  • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

  • 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз.

  • Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;

  • тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;

  • жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет