«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Мақсаты: төсектегі пациентке жайлы қалыпты жасау. Қолдану көрсетілімдері



бет18/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Мақсаты: төсектегі пациентке жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы пациент, пациентті тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Пациентке психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

  3. Пациенттің жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егер де ол болса).

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Медбике тұрған қыр жағындағы поручендерді (тұтқаларын) түсіріңіз (егер де ол болса).

  6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

  7. Пациент кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

  8. Пациенттің бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 жоғарғы Фаулер қалпы, 300 – төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және пациенттің қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

  9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егер де пациент ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу, қол мен қол ұшының көк тамырларында қан іркілуін азайт және бүгу бұлшық еттердің контрактурасын болдырмау). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, пациенттің қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

  10. пациенттің белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасына салмақ түсірмеу үшін).

  11. Пациенттің санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буынының қатты жазылуын юолдырмау).

  12. Пациенттің балтырының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз ( матрастың өкшеге ұзақ қызысымын болдырмау үшін).

  13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын алу).

  14. Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егер де қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын алу. Егер де пациентта гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай пациенттердің бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

  15. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы тұтқаны көтеріңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет