26. Жуғыш ерітіндінің құрамы, температурасы, қолдану реттілігі. Жуушы ерітіндінінің құрамы: 5г «Лотос» немесе «Айна» ұнтағы, 17 мл 27,5% сутегінің асқын тотығы және 1 литрге толғанша яғни 978 мл су.
Температурасы: 20-500С , қолдану реттілігі: ерітінді ластанғанға дейін 5-6 рет қолданамыз.
Құрал-саймандарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.
Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).
27. Пациентті «белден ұстау» әдісімен сүйемелдеу. Пациент көмектесе алады, бір медбике көмегімен орындалады
Мақсат: көмектесе алатын пациентті сүйемелдеу және орнынан ауыстыру.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз
Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.
Кереуетте (отырғышта) отырған пациентің бүйір жағынан оған қарама-қарсы тұрыңыз, бір аяғыңызды кереуетке қатар қойыңыз, екінші аяғыңыздың басын отырғышқа қарай сәл бұрып, пациенттің аяқтары алдына қойып, тізелерін тірей бекітіңіз.
Пациенттің белдегі белбеуіне екі қолыңыздың бас бармақтарын қойыңыз, барлық саусақтарыңызбен киімінен ұстаңыз.
Пациенттен сіздің беліңіз тұсынан ұстауды немесе белбеуіңізден ұстауды сұраңыз.
28. ОЗБ құрылымы және қызметі. Стерилизация өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі ОЗБ – орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі қәіргі кезде барлық емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған. Емдеу алдын алу мекемелерінде медициналық бұйымдарды залалсыздандыру арнайы орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімдерінде жүргізіледі. Медициналық бұйымдарды емдеу бөлімдерінде емдеу бөлмелерінде алдымен дезинфекциялық ерітіндіге салып қою арқылы дезинфекциялайды. Кейіннен ОЗБ-ға жіберіледі. ОЗБ-да заттарды алғашқы залалсыздандыру алдындағы тазалаудан өткізеді, қораптап залалсыздандырады, сапасын тексереді.
таза (дезинфекциялау-жуу машинасынан тазаланған, дезинфекцияланған және кептірілген материалды шығару, қаптау, стерилизаторға салу). Медициналық киім-кешекті қаптамалау үшін жеке үй-жай болуы тиіс;
стерилді (стерилді материалдың стерилизатордан келіп түсуі және оның сақталуы).