Аппаратпен жұмыс істеу үшін 18 жастан асқан, медициналық білімі, куәлігі бар адам жұмыс істеу керек.
Аппараттарды қолданған кезде көрсеткіштері О-ге түспей ашуға болмайды.
Аппараттар тұрған бөлме жақсы желдетілуі керек.
Еденге қара резинадан немесе ағаштан жасалған дорожка болу керек (ток тартпау үшін және аяқ тайып кетпеу үшін).
Аппараттардың сымдары, вилкасы, точкасы ашық немесе шнурлары жалғанбаған болуы керек.
Арнайы аппараттардың манометрі дұрыс жұмыс жасайтын болуы керек.
Аптасына бір рет қорытынды жуу жасалу керек.
Аппараттар тұрған бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне болмайды.
29. Стерильді қолғапты кию және шешу алгоритмі. Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты: пациенттің және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолғап пациенттермен, оның биологиялық бөліністерімен жанасқанда кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді, аурухана ішілік инфекцияның алдын алады.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, пациент және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда пациенттерден алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, пациентті күту кезінде.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.