«Қазақ әдебиеті» пәнінен колледждің 1 курс студенттері үшін оқу техникасын бақылау талаптары мен мәтіндері



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі24,14 Kb.
#119138
  1   2   3
Байланысты:
Оқу техникасын бақылау талаптары мен мәтііндері (4)

«Қазақ әдебиеті» пәнінен колледждің 1 курс студенттері үшін оқу техникасын бақылау талаптары мен мәтіндері


Оқу жылдамдығы



Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.


«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу дағдыларын қалыптастырудың нормалары (оқу жылдамдығы)


Сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

10-сынып

190 – 200 сөз

240 – 300 сөз

11-сынып

220 – 250 сөз

300 – 350 сөз



(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы

№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде)




Оқу техникасын тексеруге ұсынылатын прозалық шығармалардан үзінділер
Ж.Аймауытов «Ақбілек»
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай Күршім не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтаймен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал, күн жылт етсе төрт түлік мал қарағайлы Қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алтай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, бегі шиқан дуылдайды; ауызы қобыз гуілдейді; мас болады, жас болады; жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны.
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Алтын, күміс, — Алтай кені; алтын сырға алты қарыс алып түсіп құлақтарын, жүзі Алтайдың айындай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы Қопа талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күлбіресіп, көлеңдесіп, езу тартса есің кетіп, сұңқыл қақса, шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қиян кезеді.
Кеп онда емес-ау, жарандар! Бері қараңдар, құлағың сал! Тыңдаушылар анталаса, кеп құрайын бір тамаша. Ертегі емес, ертеде емес, ұзын да емес, келте де емес, қарапайым қара сөзбен бір әңгіме шертейін. Қысыр сөзді қысқартайын, әңгімеме жол тартайын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет