«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА – КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ



Pdf көрінісі
бет19/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА – КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ 
 
Туралы И., 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты - Ақтау, Қазақстан 
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С., ф.ғ.к. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар 
және инжиниринг университетінің профессоры, Ақтау, Қазақстан 
Публицистика – өте күрделі жанр. Оның мақсаты – өз заманының барлық 
мәселелерін қозғап, жаңашылдыққа ұмтылу, ұлы өзгерістерге жетелеу. Өз миссиясын 
орындау жолында ақиқаттың ақ тұлпарына мініп, елдің мұңымен, халықтың санасымен, 
ұлттық жанымен сабақтасып жатады. Ұлт көшбасшысы, әдебиеттану ғылымының негізін 
салушы Ахмет Байтұрсынов публицистика ұғымына «көсемсөз» деген атау берген. 
Әркімнің қолынан көсемсөз жазу келе бермейді. Оған шеберлік пен таным керек.
Қазақ публицистика ғылымында елеулі е 
ңбек еткен ақындардың бірі де бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Фаризаның 
көсемсөздеріне арқау болған тақырып –тәуелсіздік тұғыры мен азаттық идеясы. Өзінің 
тұғырлы шығарашылық ғұмырында «Тәуелсіздік жолында», «Санаға сілкініс керек», 
«Өлең, қайда барасың?», «Жыр және сын мәдениеті жайлы», «Қазақтың ақын қыздары», 
«Халық аманатын арқалау оңай емес», «Марат туралы сөз», «Достарым сиреп барады», 
«Жезқазған», «Бәрі өзімізден», «Махамбет тойы елге сын», «Кие-жырдың шапағаты», 
Қайран менің Тұмағам», «Қайран, Қарекең», «Ол бір жарқын жігіт еді», «Суреткер», «Бақыт 
деген осы», «Журналист қыздар», Сөз сайыста – қыздар!», «Ел мен жерді 
басындырмаймын», «Бесігіңді түзе!», «Тәуелсіздік жайлы тасқын жыр», т.б. көптеген 
мақалаларды жарыққа шығарды.
«Тәуелсіздік жолында» атты мақаласы қазақ халқының сан мың жылдар бойы 
аңсаған, арман етіп, соған жету жолында жанын тәрк еткен, қиыншылық пен түрлі 
өзгерістерге толы жылдарынан сыр шертеді. Қазақ елі ғасырлар бойы егемендігін алу үшін 
күресіп келді. Сол үшін де Тәуелсіздік біз үшін – өте қасиетті, қастерлі, қадірлі ұғым. 
Мақала өте көлемді. Оның құрылымы «Далада да, қалада да сергелдең», «Өтпелі кезең 
өткелдері», «Өмір арбасы алға жылжи берді», «Күдік пен үміт», «Саяхат сахнасындағы 
соқтығыстар», «Мені елдің жайы қатты алаңдатады» атты бөлімдерден тұрады.
Фариза сөз басын 1994 жылғы Қазақстан жағдайынан бастайды. Сол кезеңде елде 
аласапыран кезең болып, теңгенің құлдырап, доллардың бірнеше есе өсіп, жұртты әбден 
әуреге салған кез болды. Халық кеше ғана еркіндік алған ұлттық валюта – теңгенің қадірін 
әлі түсініп те, білім те үлегрмеген сәтінде, мемлекетте түрлі саяси жаңалықтар мен 
өзгерістер орын алып жатты. Соның бірі жекешелендіру саясаты еді. Фариза Оңғарсынова 
осы жағдайды мақалада ащы сөзбен, өткір тілмен жеткізе білген: «Жекешелендіру 


60 
науқанының ауылдағы халыққа әкелген азабы баяғы кеңес өкіметінің коллективтендіруінен 
кем түспеді. Жекешелендірудің қырық қабат қыртыстарын түсініп алғандар сатылатын 
объектіні жабық аукционға салып, келіскен адамдарына у-шусыз бере салатын айла тапты» 
[1. 209]. Ауылдағы көптеген орындар жеке адам меншігіне айналған соң, қарапайым 
халықтың көбі жұмыссыздыққа ұшырады. Ел наразылық тудырса да, саясаттың қитұрқы 
істері тоқтап қалған жоқ. Ауылдан сән кетіп, адамдар мүсәпір халге түсті. Фариза осы 
шындықты ашық айтып, 1994 жылдардағы қазақ халқының жағдайын ашып көрсетеді.
«Саяхат сахнасындағы соқтығыстар» бөлімінде адамдардың саясатқа бір табан 
жақындап, бас-басына билікке ие болғысы келетінін ашық жазады. Ол кезеңде саясатқа 
ұмтылғандардың пиғылы халықтың тұрмысын түзеп, жағдайын жақсарту емес еді. Әркім 
өзімен ойлас адам тауып, топтасып, бір-бір партия құрып, тек қарын қамын ойлаумен 
болды. Билік тарапынан рухани байлыққа бастайтын жұмыстар жүргізілсе де, олардың 
ешқайсысы жемқорлықты тамырымен құрта алмады. Қолына билік тиіп, қызмет 
алғандардың төрткүл дүниені ұстап тұрғандай, өзінен басқаны өзгені көрмес менмендік 
халықтың жанын жеп, жағдайын төмендетіп, әр кезде наразылықты тудырып отырды. 
Фариза Оңғарсынова бұл туралы: «Соңғы жылдары – нендей құпиясы бар екенін кім білсін 
– талай кемшілік пен қайшылыққа ұйытқы болған әкімдер мен министрлер жазаланбайтын 
болды...» [1. 209], – деп жазады. Осылайша ақиқат пен шындық үшін күрескен Фариза 
тәуелсіз халықты биліктің ығына жығып берген шенеуліктерді қатты сынайды.
Мақалада ұлт мәселелерінің барлығы болмаса да, ең негізгілері туралы ой қозғалған. 
Соның ішінде тіл мәселесі де кенде қалған жоқ. Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, ұлттың 
жаны – ұлттың тілі екенін анық айтқан қазақ зиялыларының ұстанымдарын алға тартты. 
Екітілділікті жою керек екенін, жас мемлекеттің жалынын өзге елдің әсерінен сөндіріп 
алмауымыз қажет екенін қайталап өтеді. Тіпті публицист-ақынның соңғы бөлімді «Мені 
елдің жайы қатты алаңдатады» деп атауының өзі оның жүрегінің тек қазақ деп соғып, ұлт 
десе, шарадай жаны жүрегінен шығып кетердей жанашыр, риясыз көңілі көрініп-ақ тұр. 
Қандай ауыр қиындыққа тап болдық десек те, Қазақстан – тәуелсіз, егемен мемлекет. 
Фариза жазған 1994 жылдардағы тауқымет ұлы тұғыр – Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында 
көрген қасіреттің қасында түк емес.
Фариза Оңғарсынованың халықтың мақсат-мүддесімен ұштасып жатқан тағы бір 
мақаласы – «Санаға сілкініс керек». Тақырыбының өзі оқыған адамды елең еткізеді. 
Адамның санасы өзгермей, халықтың санасы өзгремей, ұлттық өзгеруі, жаңа арнаға бет 
бұруы, өзгерістерге дайын болуы, дамуы, жаһандануы мүмкін емес. Мақала 1989 жылы 
«Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Автор мұнда әрбір облыс, қалалардағы қолында 
билігі бар, лауазымы жоғары, қызметі де жоғары адамдарды сынға алады. Мақаланы 
тақырыбы – қазақ жеріндегі ұлттық кадр мәселесі. Билікке қолы жеткендердің көбін адал 
жолдан аттап өткен лайықсыз адамдар деп таниды. Автордың мақалада мыналарды
қозғайды:
1) Кадрлық мәселее жүйесіздіктің орнауы. Билік басына қызметкерлердің 
жергілікті жерден таңдап алынбай, республиканың әртүрлі басқа өңірлерінен шақырылуы 
көптеген қателіктердің орын алуына себеші болды.
2) Облыстардағы билік басында отырғандардың адамгершілік қасиеттерден алшақ, 
тым тәкәппар мінездері қарапайым халықты менсінбеушілікке итермелеп тұр. Өзінің қара 
басының қамынан басқа ештеңе қызықтырмай, өзімшілдіктің шекақарасынан асып кете 
алмағандардың жоғары лауазымдарға адамдық өресі жетпейді.
3) Қолында билігі бар, қызметте отырғандардың өз орнына лайықсыз болуының 
екінші себебі – сауатсыздық. «Сауатты болу» деген ұғымның астарында үлкен ән жатыр. 
Жазу-сызудан бөлек, адамға е алдымен, ой сауаттылығы қажет. Жоғары қызметтегілер 
тура билік айта алмаса, әділеттілік орната алмаса, елдің айтқанына дұрыс үн қата алмаса, 
нақты жауап бере алмаса, мұндай кісі қалай сауатты болмақ? Елде білімсіз 
қызметкерлердің қаптағанын Фариза анық жазып көрсетеді.


61 
4) Сауатсыз, білімсіз, тәкаппар адамдардың билікке келуіне жағдай жасап, көмек 
қолын созатын – олардың таныстары, туған-туысқандары. Қазақтың туысқандық пен 
таныс-тамырластық мәселесі – ұлттың жауы. Ерте кездерден-ақ осы мәселе адал жолда 
аяққа қақпан болып келе жатыр. ынтымақты елдің бірлігін ыдыратып, дамуын 
тәжеуілдететін де – осы. Таныс-тамырмен келгенннің қайсы бірі биліктегі лауазымға 
лайық дейсіз? Әрине, бір-бірінің қателегін көрсе де көрмегендей өте шығатын мұндай 
адамдар халыққа жаны ашымайтыны рас.
Автордың көтерген мәселесі сол кездері республика бойынша түрлі партияларда да, 
комсомолдарда да айтылып жүрді. Мақалада кадр мәселесінің өршіп тұрған аймақтары 
ретінде Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шымкент облысы 
көрсетілген. «Азаматтарымызды қорғай алмаймыз. Халық үндемейді. Әрине, мұның екінші 
жағы да бар: халықтың мәніс біледі деген ойлылардың пікіріне құлақ салып жатқан 
басшылар жоқ. Дегенмен, босқа күйіп кетіп жатқан азаматтар туралы өз ойларын айтып, 
арашалау деген біздің халық арасында бұл күнде ұмытылып барады. «Ойбай өзімізге бір 
пәлесі тиіп кетер» деп жан сауғалауға жаппай бой үйретіп бара жатқандаймыз» [2, 3]. Жан-
жақтан келген қызметкерлердің көпшілігінің ішкі түкпірінде, көкейінде «уақытша» деген 
ұғым тұрады. Олар елдің қамын, халықтың тұрмысын жақсартуды ойламайды. Уақытша 
қызмет жасай тұруды көздеп, төмен пиғылды ниетте болды. Алдымен, таныс-тамыр, басқа 
да жолдар арқылы биліктегі лауазымды қызметті қолына алады да, елдің жалақысынан 
бірнеше есе көп ақшаны иемденіп, тұрмыстық жағдайын түзетуге асығады. Осының бәріне 
қолы жеткеннен кейін, ештеңеге бас қатырмай, алаңдамай Мәскеуге тарта жөнеледі. Ең 
соңында зардап шегетін – қарапайым халық. Тауқыметін де, бейнетін де көріп, зардабын 
тартатын – халық. Фариза республикада орын алып жатқан осы мәселені жараның орнын 
дәл таныған секілді дөп басады. Мұның салдары – бүлінген ел ен бұзылған шаруашылық.
Мақаладағы айтылар ой – қазақтың еліне, жеріне жаны ашитын, жағдайын түзеп, 
Мәскеуге кетіп қалмайтын, жүрегінде иманы бар, елім деп еміренген ұлттық кадрларды 
дайындау қажеттілігі. Болашақты ойласақ, ертеңгі күннің жарқырап атуын тілесек, елге 
қызмет етуді мақсат ететін, адал басшыларды дұрыс таңдай білуіміз қажет. Сонда ғана 
халық биліктегілердің жіберген қателіктерінен зардап шекпейді.
Фариза осы мәселелерді қозғау арқылы халыққа ақиқатты көрсетуге ұмтылады. Өз 
заманының шындығын жаза отырып, халықтың саяси өмірі мен қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайына да терең тоқталады. Сөздің қадірін түсініп, халықтың зәру мәселелерін 
шығармаларында терең қозғай білген Фаризаның публицистикаға сіңірген еңбегі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Фариза Оңғарсынова: Толық шығармалар жинағы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 
2016. Т 9. – 320 б.
2. Оңғарсынова Ф. Санаға сілкініс керек // Лениншіл жас. – 1989. – 17 тамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет