«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


СЫР СҮЛЕЙІ С.БЕКШЕНТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН



Pdf көрінісі
бет22/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
СЫР СҮЛЕЙІ С.БЕКШЕНТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН 
ЗАМАН ЖӘНЕ ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯ 
 
 
 
Оралова Г.С. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Қазақ тілі мен әдебиетінің 
педагогтерін даярлау мамандығының 2-курс магистранты - Қызылорда, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі: Тарғанова Н.А- «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» 
кафедрасының қауымдастырылған профессоры- Қызылорда, Қазақстан
Сыр елі – өнер мен мәдениеттің тамыры тереңге жайылған қасиетті ел.Сыр елінде 
шайырлар, сүлейлер, ақын-жыраулар желілі жырларын паш еткен өзіндік дүниетанымы мен 
ұстанымы бар небір саңлақтардың өнері өрлеу дәуіріне ұласқан. 
Осы орайда еліміздің 
өткенін түгендеп, ертеңіне баянды етер Сыр сүлейлерінің жырларының маңызы айрықша 
болып отырғанын айта кету орынды.Сыр елінде туып осы елде танымал болып, Сыр сүлейі 
атанған Сейітжан Бекшентайұлы шығармаларындағы отаршылдық саясат,Кеңес 
билігі,саяси әлеуметтік жағдайлар мен діни-ағартушылық идеяны ұлттық әдебиетте 
жаңаша пайымдау негізінде қайта талдау қажет. Әдебиеттану ғылымында ұлттық өнердің 
дамуында өлке, өңір әдебиетінің орны ерекше. Атақты Балқы Базар,Тұрмағамбет, Дүр 
Оңғар, Шораяқтың Омары т.б шығармаларының маңызы мен мәні терең болған.Қазақ 
әдебиеті деп аталатын үлкен өнердің құрамдас бөлігі Сыр сүлейлері кейінгі ұрпаққа терең 
толғау, 
ойнақы 
терме, 
эпикалық 
дастан, 
аталы 
нақыл 
сөз 
қалдырған.
Сыр елінде танымал болып, жасампаздықпен болашаққа көз жіберіп,ой түйген,әдеби 
үрдісті үлгі тұтқан жүзден аса ақын-жыраулар болған. Солардың бірі-біз сөз еткелі отырған 
Сейітжан Бекшентайұлы.Он үш жасынан ақындығымен елге танымал, ескіше сауаты бар, 
философиялық ой-толғамдарға толы діни тақырыптағы өлеңдері мен ақыл-нақылға 
құрылған толғаулары,айтыстары жетерлік. Ақын жырларында басты назар аударатын 
мәселе – өмір, адам, заман. Ол адам өміріне сипаттама бере отырып, адам өмір сүрген 
заманына сай болу керектігін түсіндіреді. Өмір кезеңдеріне тоқталып, әрбір кезеңнің 
құндылықтарына мән береді. Оқырманын алға ұмтылып,өмірдің мәнін түсінуге үгіттейді. 
Ақын адамзат тарихының қарама - қайшылықтардың күресі мен бірлігі тұтастығындағы 
философиялық заңдылығы аясында жырлаған шығармаларында адамды жаратушы Алла 
деп, тіршілік қозғалыстарын үйлесімді тұрғысында бейнелейді. Мұхаммед пайғамбардың 
өсиет хадистерінде: « Кімде-кім өз ісіне және өзімен Алла тағаланың арасындағы қарым-
қатынасты Алланың қалауына сай етсе, онда Алла тағала оның халықпен ара қатынасын да 


68 
оның ризашылығына сәйкестендіреді.Алла оның ашық істерінің бәрін дұрыс етеді»,- 
делінген [2, 81] Сейітжан ақынның көркемдік-эстетикалық талғамы Ислам тарихындағы 
көрнекті қайраткерлердің де, қарапайым халықтың да Жаратушының құдіретімен ғана 
тіршілік қозғалыстары жүйесіндегі саналы, өмір сүру ұлағатын дәйектейді. XIX ғасырдың 
екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ даласындағы өзгерістер халықтың 
тұрмысы мен рухани өсуіне әсер етті. Патшалық Ресей әмірімен қазақ халқының ұлттық 
сипаты бұзыла бастады. Замана зарын дер кезінде көре білген ақындар келер ұрпаққа өсиет 
болатындай дидактикалық жырларын арнады. «Дидактика» деген термин үлгілі, өнегелі, 
өсиеттік сарында жазылған шығарма»,- деп түсіндіреді [3.80] әдебиет зерттеуші ғалым. 
Біздіңше,Сейітжан ақын ұстанған бағыт,өз заманының қажетіне жарайтын дидактикалық 
шығармалар арқылы ағартушылық идеяны насихаттау болған деп бағалаймыз.Ақынның 
дидактикалық өлеңдерінде діни-мұсылмандық ағартушылық идеясы байқалады. 
Ажалға ара тұрмайды, Тағдырың мойын бұрмайды. Жисаң-дағы миллион пұл, 
Санаулы сағат ғұмырың. Бұл дүниеден көшкен күн , Ағайын, туған қарындас , Қатын балаң 
қалар тұл, Бұл тірліктің қадірін біл.[1, 45] 
Толғау өлеңде халыққа үгіт сөзін тұспалдап бере отырып, өсиеттік ойларын діни – 
ағартушылық сипатта береді.Өлеңге мән беріп қарасаңыз ақын айтар ойын Исламдық 
таныммен берген.Ақын ағартушылық ұстанымын ұрпақ тәрбиелеуге іздейді.Ұлтымыздың 
келешегін ойлау арқылы жастарға білім-ғылым, өнерді игеру керектігін ғибратты 
насихаттармен береді. Ғибраттық өнегелі өлеңдерінде адам тәрбиесі оның жан – дүниесін, 
сезімін оятады.Ол ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, қасиет тілегін Пайғамбарлар хадистерінен 
алады. Білім – ғылымды игеріп, оны адам игілігіне жұмсауды жырмен өрнектейді. 
Мұсылманша сауатты ақын ғылым-білім туралы Құран аяттарынан мысал келтіреді. 
Сейітжан ақын дүниетанымы мұсылмандық бағытта болған. 
Мұсылман болсаң, бір кідір, Ықыласпен тыңда азамат, Насихат сезім емес жыр 
Болмасам да жаттадым, Тағдыр жетіп өлгенше, Айтатын терме бір сыдыр [1, 44] 
Келтірілген үзіндінің түйіні- адамзаттың мұсылман қағидаларды есте сақтауды, адам 
мен қоғам байланысын ақындық түйсікпен сезінген.Осындай өмірлік мәселелерді көтерген 
ақын діни-ағартушы ойымен ұштастырған.Тәрбиенің бастау бұлағы Исламдық таныммен 
түсінген ақын өмір мен өлім табиғатын жырға қосады. Ресейдің отарлық саясаты қазақтың 
тілі мен ділі, дінін құртуды жоспарлады. Сейітжан ақын танымында мұсылман діні 
жойылса, адамның иманы жойылады деп дидактикалық өлеңдерінде діни-ағартушылық 
идеяны қуаттады.Ресей патшасының саясатын халыққа өлең тілімен жеткізуге қызмет 
етті.Ол өзі аңдаған мәселелер адамгершілік , адам мен заман, діни ой-сананы бұқараға айта 
білді.Адамзатты дұрыс жолға меңзейтін, рухани күші дінді және өлең өнерін бүкіл 
мұсылман халқына арнады.Ақынның көп өлеңі «бісімілла – рахман – рахимнан» 
басталуының өзіндік мәні бар.Бісімілләсіз іс қылмайтын ақын калиманың мағынасын да, 
шариғаттың шарттарын да, имандылық иірімдерін де жыр арқылы түсіндіріп, 
насихаттайды.Сейітжан ақынның ел ауызында қалған, тауып айтқан,қиыннан қиыстырған 
суырыпсалма шумақтары да аз емес. Ақын шығармашылығын зерттеу жұмысы 1994 
жылдан бастау алып, оған Н.Керейітбаев, Ә.Қоңыратбаев, Байғұлыұлы, Ә.Наурызбаев, 
К.Есжанов. М.Сәлменбаев тағы басқа зерттеушілер атсалысты. Сейітжанның ғазалдарын 
біздің күнге жеткізген Торғайлық Жүсіпбек Салықов,бестөбелік Нағашыбай 
Мұңбаев,ақынның шәкірті болған жітіқаралық 92 жасында қайтыс болған Бақтылы 
Қоғабайқызы, ырғыздық Әбдіқапар Омаров, қармақшылық Шәни Кәрімовтер зеректік 
қасиетімен жарты ғасырдан артық уақыт естерінде сақтап келіпті. Шайырдың артында
«Халыққа істе қызмет», «Сыр берме, қызыл тілім», «Көз жұмып бұл дүниеден өткендер 
көп», «Не қызық, ах Дариға өтті бастан», «Тарылды заман, тарылды», «Онымда асық 
ойнадым», «Терме» (Ғұмырың өтті Сейітжан), «Жігіттік», «Насихат», «Қорық Құдайдан», 
«Сайра, сайра, қызыл тіл», «Қасиет-нама», «Кел, ғазезім, көңілім», «Түсейік жолға 
адамдық», «Қорқыт», «Марал ишан» (дастаннан үзінді) және бізге жетпеген көптеген өлең-
толғау, 
ғазалдары 
қалды. 
Ол 
– 
ақынның 
өлмес 
мұралары.


69 
Кезінде Сыр бойынан Ақтөбе, Торғай,Ресейдің бір шеті Троицк қаласынан бастап қазақтың 
астанасы болған Орынборға дейін ақын жырлары жатқа айтылды, термешілер мен 
жыршылар домбыраға қосып орындаған. Қарасу, Бестау, Жайылма, Қарабатыр 
ауылдарының біраз адамы Сейітжанның арқасында хат танығаныда рас.
Сейітжан – ең алдымен философ, оның үстіне Құранды да, дін мен шариғат туралы 
қасиетті кітаптарды да үңіліп оқып, имандылық туралы қалам тербеген діндәр ақын. Алған 
бағытынан қайтпаған, Құдайсыздардан қорқып жазым – жаңылдым деп, өтірік айтпаған. 
Алла бір, пайғамбар хақ екендігін айтып, көпшілікті Құдайдан ұялуға, харам іске бармауға, 
кісі 
ақысын 
жемеуге, 
жаманшылық 
қылмауға 
үндейді.
XIX ғасырда қазақ елі отаршыл елге айналып , жер қайғысы, ел қайғысы мен қатар 
тіліне, дініне қауіп-қатер төнгенін түсінген қазақ халқы тебіреніске ұшырады.Осы тұста 
ақындарда діни әуен мен ағартушылық әуен тоғысты.Қазақ әдебиеті тарихында діни-
ағартушылық ағым осы кезеңде қалыптасты.Бұл оқиға ұзақ уақыт айтылмай келгені, 
қазақты ұлтшыл, алашыл деп діншіл «бисмилла деп сөз бастаған ,Алланы ауызға алған деп 
айыптаған», - деп ой түйген Т.Кәкішев [3,75] пікірін ескерсек, Шортанбай Қанайұлынан 
басталған діншілдік пен оның өкілдері мен шығармалары туралы ашып айта аламыз.Осы 
тұста С.Бекшентайұлы шығармаларында Діни – ағартушылық ұғымының дүниеге келуі 
тікелей отаршылдық орыстандыру саясатына байланысты болғаны анық. 
Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық бағытында мұсылманшылдық 
саласындағы усули жадидін жақтаған.Осы әдіс нәтижесінде діни сабақтармен қатар өзге 
пәндер оқытыла бастаған.Сейітжан бала оқытып ел арасында білімге ынта-жігерді 
арттырып ,сауаттылыққа балаларды баулиды.Ұлттық сананы ояту арқылы ынтымақ пен 
бірлікке ұмтылған.Елдің ұлттық болмысын сақтау ниетінде туындаған бұл жайтты 
тарихшы ғалым М.Қойгелдиев: «өз ретінде бұл әдісті империялық күштер алып кетіп, 
мемлекеттік саясаттың құрамына айналдырды.Басқаша айтқанда , «панисламизм» мен 
«пантюркизм» идеясы саналы түрде ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы қойылған құйтырқы 
күрес әдісі болды», - деп [4, 4] тұжырымдаған Сейітжан ақынды қазақ психологиясының 
өзгеріп, менмендік пен өсек-өтіріктің өршуі, халық ұйыған дін, имандықтың аяқ асты болуы 
қатты ойландырады. 
Ләйлеһәйлли Алла, Нұрмұхаммед Расул Алла Назарың сал біздің қалге, Қалай болар 
заман алда[1, 30],- 
деп аһ ұрып, күрсініп шарасыздықтан шығар жол іздейді.Рухани пәктік пен 
қайырымдылықты уағыздайтын діни санаға қаратып жырлаған. С.Бекшентайұлы 
поэзиясының тақырыптың, идеялық сипаты ауқымды. Ақын поэзиясындағы замана, Ресей 
отаршылдығы және адамгершілік пен имандылық, өнер-білім, діни – ағартушылық , 
ғибраттық өсиеті туралы пікір айтудың жауапкершілгі өте үлкен. Олай дейтініміз, оның 
адамзат баласын тәрбиелеудегі озық ойлары, кейінгі ұрпақ тағлым алатын ұлағатты Сыр 
сүлейлеріне ортақ тақырып болса, ұлт бірлігін арттырудағы идеясының ақиқатын ашу, 
болашақ бағыттарын айқындау бізге үлкен міндеттер жүктеді Сыр өңіріндегі ақындар 
поэзиясындағы фольклоры үлгі мен ислам мәдениетінің ықпалының ақын поэзиясындағы 
көрінісі көркемдік ойлау негізінде айқындалды. Әдебиет пен өнердің киелі бесігі Сырда 
небір саңлақ, өнер тарландары тәлімдік, тағлымдық және рухани дамуда өзіндік 
ерекшелігімен танылған.
Сейітжан ақын ғасыр тудырған заман өзгерістерін жөнге салуды азаматтық борышы 
санаған.Адам санасына әсер ету арқылы замана туралы ойларын түйіндеген.Заманды 
түзететін келер ұрпақ екенін түсінген ақын біріншіден, білім мен ғылымды игеру қажеттігін 
ғибрат, өсиет арқылы халық санасын оятуды көздеген.Ел егемендігін алып, еңсесін 
көтерген тұста Сейітжан ақын шығармашылығын зерттеп, зерделеудің жады жаңғырып 
келеді. 
Ақын өзі жасаған дәуірінің шындығын түгел қамтып, замана талабына толық жауап 
бере білген.Өзі өмір сүрген кезеңдегі халық тұрмысы, қоғамдық қайшылықтар, әлеуметтік 
жағдайды барынша мол қозғайды.Халқымыздың мұң-мұқтажы, талап – тілегін суреттеген 


70 
көркем туындылар халық санасының оянуына ықпал жасады.С.Бекшентайұлы ұлттық 
көркемсөз дәстүрін дамытуда маңызды көркемдік талаптарға жауап беретін әдеби 
мұраларының мәні зор.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Сейітжан ақын өлең, толғаулары .– Алматы: Арыс, 2006 - 104 б. 
2.Мұхаммед пайғамбардың өсиет-хадистері.– Шымкент: Азиат, 2005-96 б 
3.Кәкішев Т. 4 том Санадағы жаралар. – Алматы: Жазушы 1992 – 174 б 4.Қойгелдиев 
М. Казахстан ХХ в.сборник статей – Алматы , 1993 -144 стр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет