Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. XV- xix ғасырлардағЫ Қазақ философиясы


Орталық Азия мен Қазақстандағы ислам бағыттары



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата18.05.2023
өлшемі0,9 Mb.
#94113
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
annotation23048

4.3. Орталық Азия мен Қазақстандағы ислам бағыттары 


66 
Мұхаммед пайғамбар кезеңінен кейін қалыптасқан саяси-діни ахуал 
ислам дінінің екі негізгі сүннитік және шииттік бағытқа жіктелуіне алып 
келді. Алтын Орда Орталық Азия мен Қазақстан, сондай-ақ Еділ мен 
Қара теңіздің солтүстік жағалауында исламның сүннитік бағыты кең 
таралды. Осы бағыттармен қатар ислам әлемінде Х ғасырда масһабтар 
да қалыптасты. Масһабтар сенім (ақайд), фықһ (құқықтық) және саясат 
мәселесіне байланысты туындаған масһабтар болып бөлінеді. 
Масһабтардың пайда болуы исламның Арабиядан өзге аймақтарға, 
ұлттар мен ұлыстарға таралуымен және кейбір теологиялық 
мәселелердің (тағдыр, күнә ) ортаға шығуымен байланысты болды. 
Еуразия мәдени кеңістігіндегі түркі халықтарының басым бөлігі ақайдта 
Матуриди, фықһта Әбу Ханифа масһабтарын ұстанады. Бұл 
масһабтармен қатар, аталған өңірде басқа масһабтарды ұстанатын 
жамағаттар 
да кездеседі. Алайда, масһабтардың 
арасындағы 
айырмашылықтар абсолютті емес, олардың барлығы ортақ негіздерге 
Құран мен сүннаға сүйенеді.
Алтын Орда мемлекетінде осылардың ішінде Әбу Ханифа масһабы 
кең таралып, басымдылыққа ие болды. Өйткені, ортағасырларда 
Орталық Азия ислам әлеміндегі ханафиттік масһабтың ең ірі 
орталықтарының бірі болды, ал Хорезмнен шыққан дін ғұламаларының 
беделі мен дінді уағыздаудағы белсенділігі осы масһабтың Еуразия 
даласының солтүстігі мен батысына таралуына ықпал етті.
Орталық Азия мен Қазақстанда ХІ-ХІІ ғасырда белең алған, бірақ 
моңғол шапқыншылығына байланысты үзіліп қалған мұсылмандық 
қайта өркендеудің Алтын Ордада жандануы, сопылықпен – Аллаһты 
танудың мистикалық бағытымен байланысты болды. Орталық Азияда 
пайда болған сопылар бірлестіктері осы аймақтарда исламның 
таралуына үлкен еңбек сіңірді. 
Сопылық (ат-Тасаввуф) – исламдағы аскеттік-мистикалық бағыт. 
Мұсылман теологтары мен зерттеушілері алғашқы сопылар қатарына 
пайғамбардың 
көптеген 
сахабаларын 
жатқызады. 
Сондықтан 
сопылықтың 
идеялық 
бастаулары 
хижраның 
алғашқы 
он 
жылдықтарында қалыптасады деп айтуға болады. Идеологиялық бағыт 
ретінде сопылық ҮІІІ ғасырдың ортасы мен ІХ ғасырдың басында 
түпкілікті қалыптасады. Сопылықтың пайда болуын көптеген ғалымдар 
ислам қоғамында орын алған әлеуметтік жіктелумен және өркениеттік
«шошынудан» туындаған ішкі рухани-психологиялық толғанысты 
түсіну мен бастан кешу талпынысымен байланыстырады. Сопылыққа 
қатысты көптеген тұжырымдамалар оны синкретті ілім ретінде 
қарастырады. Осы тұжырымдамаларға сай сопылық неоплатонизм, 
гностицизм, зороастризм, буддизм және т.б. философиялық, діни 
ілімдердің элементтерін ислам монотеизмі тұрғысынан қайта қорытып, 
жүйелі дүниетанымдық ілімді қалыптастырады. Әрине, сопылықта 


67 
аталған элементтердің кездесетінін жоққа шығаруға болмас. Бірақ біз 
сопылықтың идеологиялық негізі Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен 
діни практикасы деген өз тұжырымымызды басшылыққа аламыз.
Исламда адам Аллаһпен еш дәлдалсыз, тікелей қатынасқа түседі. Бұл 
қатынастың дәстүрлі канондалған формаларының бірі – намаз. Намаз – 
Аллаһты еске алу ғана емес, өзіндік діни тәжірибе. Намаз адамды 
күнделікті пенделік тіршілік ағымынан бір сәтке болсын босатып, 
Жаратушысына жақындатады. Сол арқылы намаз адам жаны мен рухын 
пенделік шаң-тозаңынан тазартады. Намаз фәнилік пен бақилықты, 
жалған дүние мен нағыз болмысты жалғастырып тұрған өткел тәрізді. 
Намаз белгілі бір дәрежеде Мұхаммед пайғамбардың діни тәжірибесін 
жеке тұлғалық тұрғыда жандандыру болып табылады. Әрине, намазда 
мұсылман пайғамбардың Аллаһты толғануын дәл сол қалпында 
қайталайды дей алмаймыз. Дегенмен, намазда адам Аллаһты көрмесе де 
көргендей болып, күнәдан алыстап, жақсылыққа бір табан жақындайды. 
Сол арқылы экзистенциализм тілімен айтсақ, Болмысқа қатыстылықты 
сезінеді. Болмысқа қатыстылық ішкі жан дүниенің нұрлануын сезіну 
формасында жүзеге асады. Бұл діни тәжірибені рационалдық пайымдау 
құралдары мен тәсілдері арқылы жеткізу мүмкін емес. Өйткені, 
вербалданған діни тәжірибе өзінің тереңдігі мен тұтастығынан 
айырылады. Мұндай діни тәжірибені тек толғану арқылы ғана түсіну 
мүмкін. Біздің пікірімізше, намаздағы діни тәжірибенің осы аспектілері 
сопылық мистицизмге негіз болды. 
Қазақы 
дүниетанымда 
әдептік, 
құқықтық 
және 
діни 
құндылықтардың синкретизмі жөнінде жоғарыда атап өткенбіз. Бұл 
мәселені басқа қырынан қарағанда мынадай тұжырымға келуге болады: 
дәстүрлі қазақ қоғамында әділеттілік пен еркіндік имандылық 
талаптарымен шектелген. Имандылық ұғымын біз бұл жерде арнаулы 
қарайық деп мақсат қоймадық. Имандылықтың шыққан тегі дінде болса, 
кейін бұл ұғым әдептілік пен кісілікті білдіретін басты құндылыққа 
айналды. 
Иман дегеніміз ардан аспау, ақылдан алжаспау. Иманның екі 
мағынасы бар. Бірі – тіл, сөз. Яғни тілмен жеткізіп, сөзбен сипаттау. 
Олар: көркем сөз, куәлік сөз, бірлеу сөз, тойтару сөз, тілеу сөз және 
ұлықтау сөз. Екіншісі – илану, шарттық, яғни болмыспен бетпе-бет 
кездесу. Алланың қасиеті мен сипатын арлау. Олар: оның барлығы, 
мәңгілігі, періштелері, пайғамбарлары, бірлігі, жекелігі, ақырет күні, 
тірлігі, білуі, есітуі, көруі, қалауы, күші жетуі, жаратуы, сөйлеуі. 
Осылардың арқасында иман пенделерде үш түрлі: тілмен айтып, 
жүрекпен бекітетін иман; шешімге келетін қорытынды иман; риясыз 
иланатын толық иман, не сенімсіз күй кешетін әлсіз иман өмір сүреді. 
Ал аталмыш иманның ақ-қарасын білу үшін адам мен хайуанды һәм 
жақсылық пен жамандықты айырып, ажалдың уақыт әмірі екендігін 


68 
мойындап, зұлымдық пен өтіріктен сақтанып, мінез мінін кетіріп, адам 
өзін өзі таныса құдайын да ұмытпасы хақ. Сонда ғана адам іске икемді, 
мінезге бай болары анық. 
Адамнаң ең асылы –
Қиянатсыз, ақпейіл. 
Ең зиянкес жасығы – 
Тайғақ мінез, екі тіл. 
Сөз мінезі құбылса 
Ар, иманы жоқ деп біл. 
Аулақта жемтік сыдырса, 
Оны ойыңмен айуан қыл” (Шәкәрім. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 
1988. 267 б.), – деп Шәкәрім айтқандай шығары шындық. Демек, 
имандылық – ар өлшемі екендігі даусыз. 
Имандылық ұстанымы хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың тек 
шығармашылығында ғана емес, сонымен бірге олардың өмірбаянында 
да айшықты көрініс тапты. Ел шетіне жау тиіп, ер намысын қайраған сол 
қилы заманда тұлпар мініп, ту алған біртуар ұлдар, алдаспанын ата 
жауының қанына суарып, шөліне орман, жұртына қорған болумен қатар, 
суырып-салма ақын, жыраулық өнерді қатар алып жүріп, қанатты 
сөздерімен, ақиқат өткір жырларымен өздерінен кейінгі буынға үлкен 
үлгі-өнеге бола білді. 
Осы мәселелерді түйіндей келе төмендегідей қорытындылар жасай 
аламыз: 
- исламның жеке тұлғалық және әлеуметтік өмірді ұйымдастыру 
принциптерінің бұқара халық тарапынан мойындалып, қолдауға ие 
болуы 
Орталық 
Азия 
мен 
Қазақстан 
аймағындағы 
діндер 
полиферациясында исламның басымдылыққа қол жеткізуіне ықпал етті;
- ислам оны қабылдаған территориялық жақын орналасқан 
халықтардың 
мәдениетінің 
интеграциялануының 
алғышарттарын 
қалыптастырып, өркениеттік өрісін кеңейтті; 
- Алтын Орда мемлекетіндегі исламның орнығуы Қазақстан 
аймағындағы қалалық мәдениет пен ұлттық әдебиеттің, құқықтық 
сананың қалыптастасып дамуына елеулі ықпал еткен фактор болды;
- ислам тұғырнамаларына негізделген өркениетті адамзаттың 
рухани ізденісінің жемісі ретінде бағалау оның қазіргі заманғы әлеуетін 
айқындауға мүмкіндік береді. 
VІІ-VІІІ ғасырлардан бастап Орталық Азия мен Қазақстан 
аймағына таралған ислам қазақ халқының материалдық және рухани 
мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады, исламға 
дейінгі қазақ халқының тәңіршілдік, шамандық, зороастризм, буддизм 
сияқты 
наным-сенімдері 
мен 
көзқарастарын 
синтездеп, 
шығармашылықпен қайта өңдейді, сөйтіп Қазақстан тұрғындарының 
жаңа дініне айналады. Оның 1250 жылдық тарихы осының айғағы.


69 
Алайда, Ресей империясының отаршылдық және кеңестік әкімшілдік-
тоталитарлық қыспағы исламның аясын тұрмыстық деңгеймен шектеді. 
Қазақстанның алдымен Ресей, кейіннен кеңестік империяның құрамына 
енуі оның өркениеттік дамуына зор ықпал етті. Тарихи қажеттіліктен 
туындаған бұл бетбұрыс қазақ халқының этномәдениеті мен ұлттық 
санасында өз қолтаңбасын қалдырды. 
Еуразиялық мәдени типтің менталитетін айқындау үшін шығыстық, 
батыстық және қазақи дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың 
ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет