Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Автор орындығы
12. Семантикалық кесте
13. Венн диаграмма
14. Кубизм
15. Бағытталған оқу
16. Жол қалдырып жазу
17. Авторға сұрақ қою
18. Әлемді шарлау
19. Ой қозғау
20. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.
Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы – әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады; – Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады; – Қызығушылығын оятады; – Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ; – Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады. – Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін сабақтарымда тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.
Достарыңызбен бөлісу: |