Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Ақтамберді жыраудың «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын толғауының тақырыптық ерекшеліктері



бет34/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
34. Ақтамберді жыраудың «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын толғауының тақырыптық ерекшеліктері

Сарыұлы Ақтамберді (1675 – 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.

Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.

Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.

Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.

Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді.

Аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,

Күреңдi мiнер ме екемiз,

Күдерiден бау тағып,

Ақ кiреуке киер ме екемiз!

Жағасы алтын, жеңi жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екемiз!

Ор қояндай жүгiнтiп,

Аш күзендей бүгiлтiп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мiнер ме екемiз!

Сол шұбарға мiнген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол төңкерер ме екемiз.

Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екемiз!

Күдері - басқа қайыс түрлеріне қарағанда ылғал, суық және ыстық сияқты әсерлерге өз қасиетін жоғалтпайтын ерекшелігіне байланысты оны көбінесе, кіреуке сауыттардың ішкі бауын жасауға пайдаланған қайыс түрі.

Кіреуке – батырлардың сауыты.

Тобыршықты әндіген – саптаяқ, бай манаптардың сусын ішетін ыдысы.

Жонсау – кең, жазық жон, дала.

Қидасын – мықты, күшті.

Қамқапты – алтындатқан, күмістеткен жіптен тығыз етіп тоқылған жібек матадан тігілген киім.

Құлаты – таудың аты, ауыз әдебиетінде кездеседі.

Дабыл –барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.

Атымтай жомарт – жомарттық қасиеттің символы.

Шүлеңгір мырза – жомарт адам.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет