Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет33/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан, оның өзіне тән қызметі тілдің негізгі қарым-қатынастық қызметінен туындайды. Сөз этикеті коммуниканттар арасындағы қарым-қатынасты сыпайы түрде жүзеге асыру, реттеу, көңіл күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалатыны белгілі. Сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, алғыс айту, өтініш білдіру, кешірім сұрау, кеңес беру, марапаттау, жұбату формалары және т.б. құрылымдар жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады. Сөз этикетінің байланыс орнату (контактік), сыпайылық таныту (конативтік), тыңдаушының көңілін аулау (эмотивтік), түрлі критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивтік) және т.б. қызметтері бар. Сөйлеу этикетінің жоғарыда аталған қызметтеріне тоқтала кетейік.

1. Сөйлеу этикеті байланыс орнатушы қызметін атқарады. Бұл оның ең арнайы мамандандырылған қызметі. «Байланыстырушы қызмет» дегенде нені түсінеміз? Мұнда тіл құралдарының әлеуметтік-топтық әрі жеке байланысты орнатуға және оны жалғастыруға арналуы арқылы адресаттың жүріс-тұрысын анықтауға болады. Мұндағы байланыс түрі әлеуметтік топтар немесе жеке адамдар арасындағы байланысты сақтау, орнату немесе жалғастыру дегенді білдіреді. Яғни, олар: а) достық қарым-қатынасты орнату, сақтау және бекіту; ә) ресми сыпайы қарым-қатынастарды орнату және жалғастыра білу болып табылады. Микрожүйе ретінде тілдің де, сөздің де байланыс қызметі (контактная функция) бар. Сөйлеу этикетінің байланыс қызметі коммуниканттардың арасындағы орнауын, үзіліп қалмауын, сақталуын және нығайтуын қамтамасыз етеді. Л. Тиссен пікірінше, тілдік қарым-қатынас кезінде бұл қызметті сөйлеу этикетінің «Қаратпа сөздер», «Амандық сұрау», «Танысу», «Рақмет айту», «Қоштасу» сияқты тақырыптық топқа жататын бірліктері атқарады. Н. Формановская бұл қызметті сөйлеу этикетінің барлық тақырыптық топтарына жататын бірліктеріне жатқызады – жағдаяттың бастапқы түрі қаратпа, сәлемдесу, сол сияқты жағдаяттың соңғы сәті қоштасуға да қатысты болады. Қоштасу – байланысты уақытша үзу, тоқтату, оны кейін үзіліп кеткеннен кейін де жалғастыруға болады. Мысалы, «Көріскенше!», «Кездескенше!». Байланысты тоқтату мүмкіндігі, қарым-қатынасты ажыратуды бірдей фразалар білдіреді. Мысалы, «Ол менімен амандаспай, ол менімен қоштаспастан кетіп қалды, т.б.». Байланыс орнатушы қызмет мұндай қызметтерге бөлінуі вокативті, аппелятивті, әңгімелесушінің назарын аудару қызметін атқарады. Яғни, бастапқы кезеңнен (қаратпа сөз, амандасу) бастап, соңғы кезеңге (қоштасу) дейін болып табылады [4, 99].

2. Сөйлеу этикетінің мамандандырылған екінші қызметінің түрі – адресатқа бағытталуы. Сөйлеу этикетінің бірліктерінің таралуы қоғамдағы бір-бірімен араласушы адамдардың бір-біріне «Сіз» немесе «Сен» деп айтуымен, қоғамда қалыптасқан араласу мәнерінің көрінуімен байланысты болады. Сондықтан адресатқа бағыттау қызметі сыпайылық қызметімен байланысты болады. Сөйлеу этикеті арқылы берілетін социотивті хабарлама, ақпарат үшін жалпы болып табылатын қарым-қатынастар және эмоциялар сипатын сөйлеу этикеті тілдің модалды және эмоционалды жоспарымен байланыстырылады. Сөйлеу этикетінің эмоционалды- модалды қызметі қарым-қатынасқа түсушілердің қарым-қатынас жасау үшін белгілі бір дауыс ырғағын таңдап алуларымен көрінеді. Сөйлеу этикетінің арнайы қызметтерінің бірі – сыпайылық білдіру қызметі (конативная функция). Бұл өзара байланыс коммуникативтік актіде кім және кімге қатысты, қандай жағдайда сөйлеп отырғанына сай қолданылатын бірліктерімен анықталады. Мәселен, бір адресатқа «Құрметті Сапар ағай» десек, келесі біреуіне «Сапар», ал үшіншісіне «Сапаржан» деп тіл қатуымыз мүмкін. Осындай ерекше құбылыс сөйлеу этикетінің сөйлеу әрекетіндегі маңызымен айқындалады.

Коммуниканттардың жас ерекшелігі, туыстық қатынасы, қоғам мен отбасында алатын орны, т.б. критерийлер тілдің регулятивті қызметімен тығыз байланысты. Қарым-қатынас барысында «Ақсақал, ауыл-аймақ аман-сау ма?», «Шешімін кейде айтады, балам» сияқты сөйлеу әрекеті сөйлеушілердің сыпайы және әдепті сөйлей алуын анықтайды.

Сонымен қатар бұл ұжым мүшелерінің адресат пен адресанттың арасында сыпайылықты сақтау, сол арқылы қарым-қатынас жағдаятында коммуниканттың әлеуметтік сипатына қарай сөйлеу этикеті бірліктерін орынсыз қолдану тілдік қарым-қатынас реңкін өзгертіп, байланыстың бұзылуына әкелуі мүмкін. Мысалы, студент өз оқытушысына «Hi Jack» деп сөйлеуі дөрекілік немесе өзінің жақын досына «How do you do? Mr. Stevenson» деп сөйлеуі мүлдем орынсыз болар еді.

3. Сөйлеу этикетінің келесі бір қызметі – реттеуші қызмет (регулятивная функция). Байланыс орнату кезінде белгілі бір сөз этикеті бірліктерін таңдау арқылы коммуниканттар арақатынасы реттеледі. Яғни, сөйлеу этикеті адресат пен адресант арасындағы қарым-қатынас типтерін (үлкен-кіші, бастық-бағынышты, ресми-бейресми, т.б.) айқындайды және сөйлеу этикетіндегі адресат пен адресант арасындағы қарым-қатынас реттеліп отырады. Мысалы, жасы кіші бала өзінен жасы үлкенге «Mr. Stevenson, may I talk to you» десе, өз досына «Hey David, I have something interesting for you» деп айтқан болар еді.

4. Тілдесу тобын айқындаудағы этикеттік қолданыстың мақсатында сезім-күйді білдіру қызметі (эмотивная функция) басты рөл атқарады. Әсіресе кешірім сұрау, жұбату, өтініш тәрізді этикет түрлерінде бұл қызмет айқын көрініс табады. Яғни, сөйлеу этикетінің бұндай жағдайларда сөйлесушінің сезімін білдіретін арнайы бірліктері бар. Мысалы:

«– Қонақ келді, Асқар Алиевич! – Нұрлан қуанышын баса алмай сасқалақтап тұр.

Өте қадірлі қонақ!

Қуаныштымыз қонақтардың келгеніне, өте қуаныштымыз! – деді Асқар Алиевич, аттыларға күлімсірей таяп.» [Қатерлі өткел. І.Е. 51-б.]

Немесе ағылшын тілінде «I am glad to see you», «I have enjoyed meeting you», «I have no words to express my gratitude». А. Қобланованың пікірінше, сөйлеу этикетінің бұл қызметі «Кешірім сұрау», «Жұбату», «Көңіл айту», «Өтініш» тәрізді этикет түрлерінде оның бұл қызметі айқын көрінеді.

Екі тілде де сөйлеу этикеті байланыс орнатушы сыпайылық таныту, тыңдаушының көңілін аулау, түрлі критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу секілді қызмет атқарады. Бұл қызметтер коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынастың орнауын, үзіліп қалмауын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет