А. Жас спортшыларды түсінуге себін тигізбейтін әңгімелесу техникасы.
1. Жағымсыз баға беру – біз жас спортшылардың айтқан сөздерін «Әлі не болса сонымен айналысып жүрсің ғой...», «Саған қанша рет айтуға болады...», «Сен не істеп отырғаныңды түсінбейсің бе?...» және т.б. секілді репликалармен сабақтастырамыз.
2.Көңіл бөлмеу – жас спортшының айтқанына біз көңіл бөлмейміз, оның айтқанына құлақ салмаймыз немесе оған мүлде қарамаймыз. Мәселен, жас оқушы сабақтан кейін мұғалімнің жанынан айналшықтап шықпай жүр, ал ол болса оқушының өзіне көңіл білдіру әрекеттерін байқамастан журналға бірдемелерді жазып отыр.
3.Эгоцентризм – біз оқушылардан біздің өзімізді ойландырып – толғандыратын мәселелерді түсінуді табуға тырысамыз. Бұл педагогтың «Сен сабақты дайындап үлгермедің, ал менің кеше күні бойы басым ауырды, сонда да мен сабаққа дайындалдым ғой...»деген секілді репликаларынан көрініс табуы мүмкін. Жеке тәжірибемнің мысалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |