Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Желең – кең, жеңіл, жұқа шапан. Қара шапан



бет157/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   248
Желең – кең, жеңіл, жұқа шапан.
Қара шапан – жібектен өзге матадан тігілген шапан.
Сары пай шапан – қымбат бағалы, жылтырауық сары түсті матадан сәндеп тігілген шапан.
Қаптал шапан – жұқа, сырмалы, жағасыз, етек ұзындығы тізеге, кейде одан да төмен түсетін шапан.
Күпсер – қаптал шапанның бір түрі.
Күмпей шапан – арасына түтілген түйе жүні қалың салынып сырылған, сыру аралығы күмпиіп түратын ша-пан.
Қауыма – мақталы шапан.
Сырмақ – сырып тігілген шапан.
Қималы шапан – қынама шапан.
Шеге шапан – мақұлдасуға келген жаушыға кигізетін шапан.
Шығыт шапан – жекжаттан қыдыра барып киетін шапан.
Шапанша – кішкене жеңіл шапан.
Шекпен – жүннен иіріліп, өрмекпен тоқылған сырт киім.
Ағима шекпен – ақ тайлақтың түбіт жүнінен тоқылған шекпен.
Баспа шекпен – тайлақтың түбіт жүнінен тоқылған, жиектері өрнектелген сәнді шекпен.
Бозшекпен – боз түйе жүнінен тоқылып тігілген шекпен.
Қақпа шекпен – астарсыз, жүннен тоқылған шекпен.
Биязы шекпен – түйе жүнінен түйін қосып тоқылған шекпен.
Шидем шекпен – түйе жүнінен тоқылып астарланған, сырып тігілген шекпен.
Има (име) шекпен – биязы жүннен сәндеп тоқылған жеңіл шекпен.
Қаптама шекпен – сырты тысталған қалың киім.
Мая жүн шекпен – мая (түйе) жүнінен тоқылған, жауын-шашында киетін ұзын сырт киім.
Ішік – іш жағына аңның, малдың терісі салынып, сыртқы жағы бағалы матамен тысталған жылы сырт киім. Ішік түрлері: түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік, құндыз ішік, бұлғын ішік, жанат ішік, қоян ішік, пұшпақ ішік, зерлі ішік.
Қамқап – қамқа терісінен істелген аса бағалы ішік.
Тайжақы – құлын, тай терісінен иленіп, астарланған, көктемде, күзде киетін ішік.
Тұлып – қасқыр, қой терісінен тігілген қалың, жылы киім.
Күрдекше қалың матадан астарлап, сырып тігілген, тонның астынан киетін жеңсіз кеудеше.
Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, елтірі тон, қамқа тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет