Материалдар



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі329,56 Kb.
#7775

 

 

ӘӚЖ 39:745.5  

             

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 

МАТЕРИАЛДАР 

            (ҚР Мемлекеттік Орталық музей коллекциялары негізінде) 

 

Гүлім Қоғабаева. ҚР  Мемлекеттік Орталық музейіэтнология және 

антропология орталығының жоғары категориялы жоғары дәрежелі қор 

сақтаушы маманы 

 

          Түйіндеме 

 

Мақалада  ҚР  МОМ  қорындағы  киім-кешек  коллекциясы  негізінде 

дәстүрлі  киім-кешек  тігуде  пайдаланылатын  негізгі  материалдар  туралы  сӛз 

болады.  Коллекциядағы  ұлттық  киім-кешек  негізінде  тӛрт  түліктен  алынатын 

тері,  жүн  ӛңдеуді  іске  жарату  әдіс-тәсілдері,  сапасы  этнографиялық  тұрғыдан 

талданылады.  Сондай-ақ  кӛршілес  елдермен  сауда-саттықтың  дамуы 

нәтижесінде сырттан әкелінген маталар да  қарастырылады. 

 

Тірек  сӛздер:  тері,  былғары,  пұшпақ,  күдері,  жүн,  сақтиян,  тарамыс, 

шегірен, шыт, миткаль, барқыт, атлас, парша, қамқа. 

 

 

Киім-кешек  –  мәдениеттің  үлкен  бір  компоненті  және  ӛнеркәсіптің  даму 



кӛрсеткіші  болып  табылады.  Оның  сәнделуі  мен  эстетикасындағы  ӛзіндік 

ерекшеліктер  белгілі  бір  мәдениеттің  тӛлтумалығынан,  сондай-ақ  қоғамның 

әлеуметтік құрылымынан хабар береді. 

 

Дәстүрлі  мәдениетте  қазақтың  ұлттық  киім-кешегінің  сәні  мен 



эстетикалық  құндылығы  оның    дайындалатын  материалына  және  сәнделіп 

әшекейленуіне  байланысты  болғанымен,  бұл  тақырыпта  жазылған  ғылыми 

зерттеулер  саны  мардымсыз.  Алайда  дәстүрлі  қазақ  киім-кешегінде 

пайдаланылған  материалдар  туралы  деректерді  орыс  және  шет  ел 

саяхатшыларының  экспедиция  барысында  жинақтаған  музейлік  коллекциялар 

қорынан  табуға  болады.  Ғасырлық  тарихы  бар  дәстүрлі  киім-кешектер  туралы 

құнды ақпарат беретін музейлік коллекцияларға толы ҚР Мемлекеттік Орталық 

музейі (әрі қарай ҚР МОМ) солардың бірегейі болып табылады. Сондықтан да 

ҚР  МОМ  қорындағы  баскиім,  бойкиім,  сырткиім  және  аяқкиім  тігуге 

пайдаланылатын материалдардың типтік түрлері, олардың сапасы, пішілуі, тігу 

техникасы,  сәнделуі  сияқты  мәселелерге  этнографиялық  тұрғыдан  талдау 

жасаудың ғылыми-практикалық мәні зор.  

 

Қазақтың  ұлттық  киім-кешегі  жылдың  тӛрт  мезгіліне  сай  кӛшіп-қонуға 



ыңғайлы етіліп тігілді. 

Дәстүрлі ортадағы киім-кешектер негізінен тӛрт түліктен 

алынатын  жүн,  түбіт,  қыл,  тері  сияқты  шикізаттың  алуан  түрлерін  әртүрлі 

технологиялық тәсілдермен ӛңдеу арқылы алынған жіп, киіз, қырым, былғары, 

ӛңделген тері, елтірі түрлері ӛнімдерінен жасалды. Сондай-ақ шаруашылықтың 

қосалқы  түріне  жататын  аңшылық  кәсіптен  түскен  аң,  құс  терілері,  қауырсын, 



 

 

пұшпақ сияқты ӛнімдері киім-кешекті сәндеуге кеңінен қолданылды 



[1, 566-568; 

2, 345; 3, 93-144]

 

Қазақ  жеріне  саяхат  жасаған  жиһанкездердің  жолжазбалары  мен  қытай 



жылнамаларында  Орта  Азияны  мекендеген  кӛшпелілер  тері,  жүн  және  бағалы 

аң  терілерінен  дайындалған  киім-кешекті  кең  қолданғандығы  туралы  жиі 

айтылады.  Солардың  арасында  Сейфидің  1582  жылы  жазылған  шығармасында 

қазақтардың  киімі  туралы  қызықты  мағлұмат  бар.  Ол  былай  деп  жазады: 

«...олардың  күртелері  қойдың  терісінен  жасалған,  әртүрлі  түске  боялады  да, 

атласқа  ұқсайды,  оларды  Бұқараға  әкеліп,  атлас  шекпеннің  құнымен  бірдей 

бағаға  сатады»  [4,  56-62].    Яғни  бұдан,  киім-кешек  тігуде  кең  пайдаланылған 

малдың  иленген  терісі,  былғары,  жұқа  киіз,  түйе,  қой,  ешкі  жүні,  түбітінің 

жоғары бағаланғандығын, құндылығын байқауға болады.    

 

Қазақтың кӛшпелі шаруашылығынан алынатын  малдың терісі мен жүні 



негізгі  тұрмыстық  қажеттіліктерді  толық  ӛтеп  отырған.  Қолдану  аумағы 

жағынан  шикізат  ретінде  теріден  тігілген  киім-кешек  түрлері  басты  орында 

тұрды. Әсіресе, тӛрт түлік малдың терісі ӛте қымбат шикізат болып табылады. 

Соның ішінде ірі қараның терісін сиыр терісі, ӛгіз терісі, тайынша терісі, бұзау 

терісі деп топтастырылады. Ал жылқы терісін – бие терісі, жабағы және құлын 

терісі  деп,  түйе  терілерін  атан  және  бота  терісі,  ешкі  терілерін  жүндес  тері, 



тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ, мари терісі  деп бӛледі. 

 

Дәстүрлі  мәдениетте  жылу  сақтайтын  сапалы  материал  ретінде  теріні 



қолданудың  алуан  түрлі  техникалық  әдіс-тәсілдері  қалыптасқан.  Терінің  түгін 

алмай илеуден ӛткізіп, оны  кӛбіне  сырткиім  тігуде  қолданған,  сонымен  қатар, 

түгі  алынған  (былғары,  қырым,  жарғақ,  күдері)  терілер  де  пайдаланылған. 

Теріден  баскиім  түрлері,  ішік,  тон,  дақы,  қыстық  шалбарлар  тігілген.  Ал 

аяқкиім тігуде сиыр терісі таптырмас материал болып саналған екен. Қойдың, 

ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап ішіктер тігілген. Сондай-ақ С.Паллас 

XVIII  ғ.  кедей  қазақтар  киіктің  терісінен  киім  тіккен  деген  деректерді  айтады 

[5, 567]. Расында да қазақы ортада киік, бӛкен, құлан, тауешкі сияқты қазақтар 



«қоңыр  аң»  деп  атаған  аңдар  терілерін  ӛңдеу  мал  терісіне  қарағанда  қиындық 

тудырмаған. Яғни, әлеуметтік деңгейге байланысты киім тігуде қолданылатын 

материалдар мен мата түрлері де сан алуан болғандығын кӛруге болады.  

 

Малдың  терісі  жалпы  үш  қабаттан  тұрады:  сыртқы  жүні,  негізгі  тері 



бӛлігі, ішкі майлы кӛк ет пен шелді бӛліктері. Терінің жүнін пайдаланылатын 

ӛніміне  байланысты  кейде  жүнін  сылып  қырып  алады  немесе  жидітіп  түсіріп 

илейді. Ел арасында мал терісін илеудің екі әдісі бар: біріншісі – теріні толық 

малмаға  малып  батырып  илеу,  екіншісі  –  иді  терінің  шел  жағынан  бетіне 

әлденеше  рет  жағып  «иі  жағып  илеу».  Теріні  сырт  киімдерді  тігуге  қолдану 

үшін  терінің  жүнін  алмай  ӛңдеуден  ӛткізген.  Сондай-ақ  терінің  қай  малдан 

алынғандығына  байланысты  оның  түр-түсі  де  жүні  мен  қылшығының  жуан-

жіңішкелігіне  қарай  әр  түрлі  болып  келеді.  Ал  терінің  сапасы  малдың  жасы 

ұлғайған  сайын  қалыңдап,  тӛмендейді,  ұрғашы  малдың  терісі  еркек  малға 

қарағанда биязы әрі сапасы жоғары болып келеді.  



 

 

 



Сондай-ақ  қазақ  киім-кешегінің  ішінде  аң  терілерінен  тігілген  киім 

үлгілері  ерекше  бағаланған.  Әсіресе,  түлкі,  сусар,  құндыз,  күзен,  қарсақ,  қоян 

терілері  кӛбінесе  жағалы  киім  мен  баскиім  түрлерін  тігуге  және  сәндеуге 

қолданылған.  Тіпті  аң  терілерінен  дайындалған  киім  үлгілері  қыз  жасауының 

құрамында,  сондай-ақ  құдандалық  салтта,  сый-сияпат  тартуда  (киіт,  тарту-

таралғы) құнды тарту-таралғы болып саналған.  

 

Жалпы, мал терілері пұшпақ, мойын, жондық, бауыр, сауыр, үйектік деп 



бӛлінеді.  Әсіресе,  малдың  немесе аңның  сирақ  терісі  – пұшпақ жұмсақ,  жеңіл 

әрі жылуды жақсы сақтайтын қасиетіне байланысты балалардың киіміне және 

ауақаттылар  арасында  кең  қолданылған.  Сондай-ақ  жабайы  аңдардың 

пұшпақтарынан тігілген пұшпақ ішік пен пұшпақ бөріктер үлкен сұранысқа ие 

болған. Мұндай пұшпақ ішіктер мен бӛріктер ҚР МОМ қорында сақталған. 

                                      

 

                             



Сурет 1. Пұшпақ ішік. ҚР МОМ қорынан (КП 12785) 

 

Солардың бірі – түлкі пұшпағынан құрап тігілген пұшпақ ішік (КП 12785). 



Ол  сұр  түсті  жай  матамен  тысталған.  Жон  жағына  20  х  50  см  кӛлемді 

тауешкінің  терісі  күсілген.  Тері  мен  тыс  арасына  жұқалап  бидайы  салынған. 

Астар мен тысы біріктіріле алшақ тігілген. Жаға, етек, жеңі айналдыра құндыз 

терісімен  жұрындаған.  Ерекше  бағаланатын  мұндай  ішік  біркиер  киімдердің, 

яғни  сәнді,  салтанатты  киім  қатарына жатқызылады  [6, 90].  Сондай-ақ  Жетісу 

мен  Алтай  ӛңірлерінде  сусар  терісінен  тігілген  сусар  ішік,  сусар  бөрік,  сусар 



жағалы  тондар  құдалықта  киітке,  қыздың  жасауына  берілетін  қымбат 

бұйымдар  қатарына  жатқызылған.  Кӛшпелі  ортада  аса  жоғары  бағаланатын 

сусар  терісімен  жұрындалған  бӛрік  кию  бекзадалар  мен  бектердің  қоғамдық 

мәртебесін білдіретін кӛрсеткіш іспетті болған. 

 

 

     



 

 

 



                    

              

 Сурет 2. Сусар терісінен тігілген пұшпақ ішік. ҚР МОМ қорынан (КП 9247)     

 

                



 

 

ҚР  МОМ  қорында  КП  9247  нӛмірлі  cусардың  пұшпағынан  тігілген 



пұшпақ  ішік  сақтаулы.  Оның  жағасы,  жеңі,  ӛңірі  мен  етегі  құндыз  терісімен 

жұрындалған.  Ішік  ӛрнек  бедерлі,  күрең  қызыл  қытай  жібегімен  тысталған. 

Сусар  терісінен  тігілген  ішік  жағаларына  қырау  тұрмайтындықтан  жоғары 

бағаланған [6, 246-247]. 

Сонымен  қатар  дәстүрлі  қазақ  мәдениетінде  бас  киім  мен  сырт  киім 

тігумен қатар аяқ киім тігуде пайдаланылатын материалдар да жануарлар мен 

аңдардың  түрлеріне,  шикізаттың  илену  тәсіліне  байланысты  түрлері  мен 

атаулары  бірнеше  топқа  бӛлінеді.  Етікшілер  қолданатын  ӛңделген  материал 

атаулары  мынандай:  тайынша  терісінен  жасалғаны  опайке,  жылқы,  ешкі 

терісін  –  кӛзел,  қой  терісін  –  шегірен,  сиыр  терісінен  былғары,  боялғанын 

құрым,  ӛңделген  жұқа  теріні  –  сақтиян  деп  атаған  екен  [7,57].  Шегірен, 

сақтиян, күдері деп аталатын былғарының түрлері ӛндірістік негізде алынып, 

қолданылады.  Қазақ  арасында  етік  тігуді  кәсіп  еткен  шеберлер  аталмыш 

материалдардан  ӛкшелі  және  ӛкшесіз  аяқкиім  үлгілерін  тіккен.  ҚР  МОМ 

қорында  аталмыш  материалдардан  тігілген  кебіс,  етіктер  сақталған.  Әсіресе 

былғарыдан  тігілген  кебістер  саны  басымырақ.  Сондай-ақ  қазақ  қолӛнерінде 

әсіресе  аяқкиім  тігуде  «тарамыс»  деп  аталатын  ірі  қараның  сіңірінен 

алынатын  берік  жіп  –  таспа  қең  қолданылған.  Тарамысты  әзірлеу  үшін  ірі 

қараның  желке,  жіліншек  сіңірлерін  сылып  алып,  кӛлеңкеге  іліп  қойып 

кептіріп  дайындайды.  Кепкен  тарамысты  ағаш  балғамен  жаныштаса,  ол 

тарамдалып,  шашақтана  жұмсарады.  Кейін  оны  тарақпен  тарап,  оны  біркелкі 

жіңішке  талшықтарға  айналдырады  [8,  56].  Тарамыс  жіп  басқа  жіптерге 

қарағанда берік болып келеді және шірімейді.

  

 

Келесі  материал  киім-кешек,  әсіресе  шалбар  тігуде  кең  қолданылатын 



бұғы, ешкі, елік терілерінен май сіңдіре ӛңделген былғары қанықпасы – күдері

Оның  сәндік  үшін  оның  сыртқы  жүн  жағын  емес,  астыңғы  жұмсақ  барқыт 

тәріздес  түкті  жағын  пайдаланады.  Пайдаланар  алдында  оны  әбден  ысқылап 

уқалап  алу  керек  (9,  56-62).  Маймен  илеп  ӛңдеу  жолымен  алынған  күдеріні, 

сәнді  шалбарлармен  қатар,  жылы  уақытта  киетін  бағалы  сырткиім  тігуге  жиі 

пайдаланған.  ҚР  МОМ  қорында  сақталған  ашыққоңыр  (КП  7199)  және  сары 

түсті күдеріден (КП 627) тігілген, ала шытпен астарланған ер адамның күдері 

жарғақ  шалбарларының  балақтары  тӛртбұрыш  пішінді  күдері  қиықтарынан 

құралып,  беттестіріліп  тігілген.  Күдерінің  ӛте  жоғары  сапалысын  мақпал 

күдері  немесе  күдері  мақпал  деп  атаған.  Күдерінің  жай  түрін  лақ  және 

тоқтының,  сонымен  қатар  сүт  емген  бұзаудың  терісінен,  ал  мақпал  күдеріні 

киік, елік, қарақұйрық сияқты қоңыр аңның терісінен дайындаған. 

 

                     



  

                          

                                                                     

               

ҚР МОМ қорынан. КП 7199      жарғақ шалбарлар          ҚР МОМ қорынан. КП 627.   


 

 

Күдері  илеудің  негізгі  ерекшелігі  –  майы,  шелі  кетіріліп,  ақ  жем  болған 



шикі теріге май сіңіру арқылы жасалуында. Күдеріге тән ерекше қасиет – оның 

барқыт сияқты мақпал түктілігі, сонымен қатар ӛте жұмсақ болса да жыртыла 

қоймайтын мықтылығы. Тіпті, сабынды сумен жууға да жарамды болып келеді. 

Күдеріге  су  тисе  құрысып  қалмайды,  жұмсақ  және  түсі  қошқыл  сарыдан 

қоңырға дейінгі аралықта болады [10, 245-247]. 

 

Сонымен  қатар  ертеден  бері  ата-бабаларымыз  тӛрт  түлік  малдың  жүнін 

кәдеге  жаратып  отырған.  Жүннен  киім-кешек  дайындап  қана  қоймай,  бау-шу 

ескен.  Әсіресе,  қойдың  «жабағы»,  «күзем  жүні»,  «қозы  жүні»  және  «ӛлі  жүн» 

мен түйенің «шуда», «жабағы», «боздақ» жүні кең қолданыста болған. Жүннен 

бұйым дайындау үшін алдымен жүнді тазалап, түтіп, ұршықпен иіреді. Иірілген 

жіпті домалақтап орап, майын кетіру үшін ыстық суға салып алады. Кейін осы 

дайын жіпті ӛрмекке салып бұйым тоқиды.  

Қазақ қолӛнерінде түйенің шуда жүнінен иірілген жіптен тоқыма ӛрмегінде 

шекпен деп аталатын мата түрі ӛте мол мӛлшерде тоқылып қана қоймай Ресейге 

кӛп  мӛлшерде  экспортталып  отырды  [11,  694-695].  XIX  ғ.  аяғында  Торғай 

ӛңірінің  түйе  шаруашылығын  зерттеген  А.И.  Добромысловтың  деректері 

бойынша бір түйеден шамамен 8-10 фунд, яғни 4-5 кг шуда жүн алынады екен 

[12, 26-29].  

Түйенің жүнінен тығыз тоқылған матадан құрастырылып тігілген шекпенді 

Маңғыстау,  Атырау  ӛңіріндегі  және  Түркіменстандағы  қазақтар  ағима,  има 

шекпен деп те атайды. ҚР МОМ қорында сақтаулы ер адамның ағима шекпені 

(КП  21062-а)  ашық  қоңыр  түсті  түйе  жүнінен  жұқа  етіп  тоқылған  матадан 

құрастырылып  тігілген.  Іші  қызыл  және  сарғыш  түсті  жолақ  матамен 

астарланған.  Бұндай  шекпен  жаңбыр  және  қар  суын  ӛткізбейтіндіктен  және 

аңызақ  желден  жақсы  қорғайтындықтан  малшылар  мен  жолаушылар  қыстың 

суық, аязды күндері тон сыртынан қабаттап та киген. [12, 694-695 бб.] 

 

                                



              

 

 

 

                     

                               

Сурет 5.


 

Ағима шекпен. ҚР МОМ қорынан (КП 21062-а) 

Кӛршілес  елдермен  сауданың  қарқынды  дамуына  байланысты  дәстүрлі 

мәдениетте  киім-кешек  тігуде  пайдаланылатын  материалдардың  түрлері  де 

ӛзгере  бастады.  Осы  кезде  ауқаттылар  мен  кедейлер  арасындағы  әлеуметтік 

бӛлініс айқын кӛрініс алды. XVIII ғ. дейін қазақ даласын Шығыс Түркістаннан 

әкелінген маталар жаулап алды, ал XVIII ғ. ортасында шығыстан әкелінген мата 

түрлері  кӛбейе  бастады.  Қазақстанның  шығыс  аймақтарында  осы  елден 

әкелінген  жібек,  мақта  мата,  жүн  маталар  кең  тарала  бастады.  Ал  XVII  ғ. 

Ресейден орыс кӛпестері қазақ хандарына сыйлық ретінде қымбат, бағалы мата 



 

 

түрлерін әкеліп отырған. 1740 жылы Кіші және Орта жүз ӛкілдерімен келіссӛз 



жасауға Орынбордан келген орыс князі Урусов қазақ ақсүйектеріне матаның ең 

сапалысы  –  шұға,  қамқа,  паршаны  –  тарту  еткен.  XIX  ғ.  алғашқы  он 

жылдығында  Ресейден  әкелінетін  мақта  мата  түрлері  қазақ  даласына  мол 

импортталды.  Сӛйтіп  қазақ  ауылдарына  Ресейден  келетін  мата  түрлері 

ортаазиялық  және  қашғар  маталарымен  бәсекеге  түсе  бастады.  Тіпті  орыс 

саудагерлерінің  қазақ  ауылдары  тұрғындарының  талғамына  сай  мата  түрлерін 

жеткізіп отыруға кӛше бастауы осының дәлелі болып отыр.  

Осындай себептерге байланысты тұрғындар ендігі кезекте жүн мен теріден 

жасалған  ӛнімдерді  тұтынуды  азайтып,  киім-кешекке  дайын  фабрикалық  мата 

түрлерін 

пайдалануды 

дағдыға 


айналдыра 

бастады. 

Сӛйтіп, 

мал 


шаруашылығынан  алынатын  ӛнімдерді  матаға  айырбастай  бастады.  Осыған 

байланысты  күнделікті  тұрмыста  жүн,  тері,  киізден  жасаған  бұйымдар  бірте-

бірте  қолданыстан  шыға  бастады.  А.Левшиннің  XIX  ғ.  20-ж.  мәліметтері 

бойынша  киізден  және  түйе  жүнінен  тоқылған  бұйымдарды  кедейлер  кең 

қолданған  [13,  344],  себебі  олардың  орыс  саудагерлерімен  айырбас  жасауға 

мүмкіншіліктері бола бермеген.  

XIX ғ. соңы – XX ғ. басында қазақтар арасында кӛбінесе фабрикалық мақта 

матадан,  яғни  шыт,  биязы,  миткальдан  тігілген  киім-кешектерді  кию  кең  ӛріс 

ала бастады. Ауқатты адамдар барқыт, атлас, парша және шұғадан киім-кешек 

тігу  үрдісін  қалыптастырса,  сырттан  келетін  импорт  тауарларына  қол  жеткізе 

алмаған  қарапайым  тұрғындар  тері,  жүн  материалдарын  кең  пайдаланды. 

Мақалаға  негіз  болып  отырған  ҚР  МОМ  музейлік  коллекциясында  барқыт, 

атлас, шұға, паршадан тігілген кӛйлектер, шапан, бешпенттердің түпнұсқалары 

сақтаулы.  

Қорыта  айтқанда,  ұлттық  киім-кешек  –  мәдениетіміздің,  ӛнеркәсібіміздің 

даму  кӛрсеткішінің  айнасы,  заттық  –  тұрмыстық  мәдениеттің  бір  кӛрінісі. 

Сондықтан  да  кӛне  жазба  деректер  мен  ғалымдар  мен  саяхатшылардың 

белгілеулері  мен  сызбалары,  ауыз  әдебиет  үлгілері  мен  тілдік  деректердегі 

мәліметтер,  кӛркем  шығармаларда  аталмыш  тақырыпта  сақталған  жазба 

деректер  аз  болғанымен,  бүгінгі  таңда  музей  қорында  сақталған  киім-

кешектердің  түпнұсқалары  арқылы  ерекше  құнды  дерек  алудың  маңызы  ӛте 

зор.  


 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Паллас  П.С.  Путешествие  по  разным  провинциям  Российского    

государства. Ч.2. Кн.2. – СПб.: Тип. Импер. АН, 1786. – 571 с. 

2.

 

 Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-кайсацких  орд  и   



степей. В 3-х частях. Часть этнографическая. – СПб.: Тип. Карла Крайя, 1832. – 

940 с. 


3.

 

 Барданес Х. Киргизская или казацкая хорография // История Казахстана 



в  русских  источниках  ХVІ-ХХ  веков.  Первые  историко-этнографические 

 

 

описания  казахских  земель.  XVIII  век.  Т.  IV.  Сост.  И.В.  Ерофеева.  –  Алматы, 



Дайк-Пресс, 2007. – С. 93-194. 

4.

 



Жәнібеков Ӛ. Уақыт керуені. А., 1992. 192 б. 

5.

 



Захарова  И.В.  Ходжаева  Р.Д.  Казахская  национальная  одежда:  XIX  – 

начала  XX  вв.  –  Алматы:  Наука,  1964.  –  178  с.,  26-27;  Паллас  П.С. 

Путешествие  по  разным  провинциям  Российского  государства.  Ч.2.  Кн.2.  – 

СПб.: Тип. Импер. АН, 1786. – 571 с., 

6.

 

Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының 



дәстүрлі  жүйесі.  Энциклопедия.  Ӛ-Я.  5-том.  Ғылыми  редактор  және  жоба 

жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: Азия арна, 2014. – 840 б. 

7.

 

Р.Н.  Шойбеков.  Етікшілік  ӛнеріне  байланысты  кейбір  атаулар  // 



Тілтаным. 2006, №3. – 57 б  

8.

 



Әмірғазин Қ. Қазақ қолӛнері. – Алматы: Дайк Пресс, 2004. – 287 б. 

9.

 



Қайыртай Ә. Қазақ қолӛнері. А.: Дайк Пресс, 2004. 55-62 бб. 

10.


 

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының 

дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. К-Қ. 3-том. Ғылыми редактор және жоба 

жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: Слон, 2012. – 

736 б.

 

11.



 

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының 

дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. Ӛ-Я. 5-том. Ғылыми редактор және жоба           

жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: Азия арна, 2014. – 840 б. 

12.

 

Добросмыслов  А.И.  Верблюдоводство  в  Тургайской  области.  – 



Оренбург: Типография П. Жаринова, 1895. – 45 с. 

13.


 

Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-кайсацких  орд  и 

степей. В 3-х частях. Часть этнографическая. – СПб.: Тип. Карла Крайя, 1832. – 

940 с 


 

 

Материалы, использованные в традиционном казахском костюме 



(на основе фондовых коллекций Центрального Государственного 

музея РК) 

 

 Когабаева Гулим. Центральный Государственный музей РК. Специалист 

высшей категории по хранению фондов центра 

 антропологии и этнологии 

 

          Аннотация 

 

В  статье  на  основе  фондовых  материалов  коллекции  одежды 



Центрального Государственного музея РК рассматриваются виды материалов, 

используемых в изготовлении одежды из кожи, шерсти, пушнины и др. Особое 

значение придается этнографическому анализу технологии обработки кожи, а 

также привезенных тканей начиная со II половины XIX в для пошива одежды  

– ситца, сатина, шелка. 


 

 

        Ключевые слова: шкура, выделанная кожа, мех с лапок пушнины, замша, 

сафьян,  нить  из  сухожильев,  шагреневая  кожа,  ситец,  миткаль,  бархат,  атлас,  

парча



 

Fabrics used in traditional Kazakh costume 

(based on fund collection of the Central State Museum of the Republic of 

Kazakhstan) 

 

Кogabayeva  Gulim. Central State  Museum  of  the Republic  of  Kazakhstan. The 

expert of the highest category of storage center foundations of anthropology and 

ethnology 

 

Annotation 

 

In the article on the base of clothes collection of the Central State Museum of 



the  Republic  of  Kazakhstan  types  of  materials  used  in  the  manufacture  of  clothes 

made  of  leather,  wool,  fur,  and  others  is  considered.  Ethnographic  analysis  of 

technology  of  leather  processing  as  well  as  imported  from  the  second  half  of  the 

19th century fabrics for clothing - calico, satin, silk are of particular importance. 

        Key words: leather, fur of paws, suede, morocco, thread of the tendon, shagreen 

leather, cotton, calico, velvet, satin, brocade. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет