Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау)



бет100/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау).


Қ-қ-қ-та-за-лық-ты сүй-е-мі-із - тазалықты сүйеміз. Ү-ү-ү-ү- сү-үл-гі- сүлгі.

Тақпақ жаттау.


Сырттан келіп үнемі, Сабынмен қол жуамын. Сүлгімен сүртемін, Айнаға қараймын,
Шашымды тарақпен тараймын. Мен ұқыпты баламын.
Тақпақ мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.

  1. Тақпақ ұнады ма?

  2. Таныс сөздерді ата. Олармен не істейді?

Сергіту сәті.


Шынығамыз жастай біз, Жаттығуды бастаймыз. Бір, екі, үш, бір, екі, үші, Бойымызға жинап күш. Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Жұмыс дәптерімен жұмыс:


  1. Жұмбақтарды шеш. Жауаптарды суреттерден тауып, жұмбақтарға қос.

  2. Заттарды ата. Олар не үшін керек? Сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта»

    • Тазалықты. (сүйеміз) .

    • Сабын, жөкемен (денемізді жуамыз).

    • Сүлгімен (денемізді сүртеміз).

    • Тарақпен (шашымызды тараймыз).
  1. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.

    • Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№39


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Таңертең не істейміз?
Мақсаты: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру.
Білімділік міндеті: өз іс-әрекеттерін айта алуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен
сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Шағын мәтіндер құрауға жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет