Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет120/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   171

Жұмыс дәптермен жұмыс.


  1. Суреттер бойынша ертегіні ретімен әңгімеле.

  2. Суретке қарап, ата. Атауында «Қ» дыбысы бар жануарларды қорша. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  3. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сендерге ертегі ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№48


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Аулада.
Мақсаты: сөздік қорларын үй құстарының атауларымен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға жаттықтыру. Үй жануарлары туралы алған білімдерін, яғни жаңа сөздерді бекіту.
Дамытушылық міндеті: ойлау, зейін қойып тыңдау секілді қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Есту және мәтіннен таныс сөздерді таба білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: қамқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: үй құстарын және үй жануарларын атайды.
Түсінеді: үй жануарлары мен үй құстарына адамдар қамқор болатынын түсінеді.
Қолданады: зейін қойып тыңдайды, таныс сөздерді мәтіннен таба алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жылжымалы суреттер, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: аула- двор, қаз – гусь, үйрек – утка, күркетауық – индюк, жем – корм.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Екі лақ» ертегі тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлерін атау. Педагог тақпақ оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет