Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Аулада.
Мақсаты: сөздік қорларын үй құстарының атауларымен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға жаттықтыру. Үй жануарлары туралы алған білімдерін, яғни жаңа сөздерді бекіту.
Дамытушылық міндеті: ойлау, зейін қойып тыңдау секілді қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Есту және мәтіннен таныс сөздерді таба білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелікміндеті: қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: үй құстарын және үй жануарларын атайды.
Түсінеді: үй жануарлары мен үй құстарына адамдар қамқор болатынын түсінеді.
Қолданады: зейін қойып тыңдайды, таныс сөздерді мәтіннен таба алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жылжымалы суреттер, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: аула- двор, қаз – гусь, үйрек – утка, күркетауық – индюк, жем – корм.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Екі лақ» ертегі тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлерін атау. Педагог тақпақ оқиды.