Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет160/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171
Педагог тақпақты оқиды, таныс сөздерді табу ұсынады.

Жайраң жаз


Тауларға да, далаға Келді нұрлы жаз жайраң. Ауылда да қалада
Үлкен-кіші мәз-мейрам.
Е.Өтетілеуұлы
Балалар тыңдайды, таныс сөздерді атайды: жаз, таулар, қала, ауыл, үлкен, кіші.

Сергіту сәті:


Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып, Жаз келді күн шуақ.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Педагог сөздерді қазақ тілінде атайды, балалар орыс тіліне аударады: жаз – лето, ыстық – жарко, маусым – июнь, шілде – июль, тамыз – август, кемпірқосақ – радуга.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


    1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Жазда қандай өзгерістер болады?

    2. Бұл қай жыл мезгілінде болады? Ата. Сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
    3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

    • Сендерге не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 69


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жаз қызығы
Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшеліктерін, жазғы қызықтарды айта алуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Дамытушылық міндеті: сұрақтарға саналы түрде жауап беру дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: әр жыл мезгілінің өз қызығы барын сезе білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді:жаз мезгілінің өз қызығы, сұлулығы барын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет