Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Түсінеді: көліктердің әртүрлі екенін түсінеді. Қолданады



бет157/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171
Түсінеді: көліктердің әртүрлі екенін түсінеді.
Қолданады: өздеріне таныс кейбір көліктерді таниды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада), қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: көлік – транспорт, ұшақ – самолет, пойыз – поезд, барамын – поеду, саяхат – путешествие.


ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыпты қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
    1. Негізгі кезең


Сәуле балалармен ойын ұйымдастырады «Сұрақ-жауап».

  • Сен бүгін таңертең қайда келдің? (Мен балабақшаға келдім).

  • Балабақшаға кіммен келдің? (Мен анаммен келдім).

  • Балабақшаға немен келдің?

  • Мен автобуспен келдім.

  • Мен мәшинемен келдім. (Сөйлемдерді балалар жеке-жеке қайталайды).

  • Автобус, мәшине – көлік.

    • Мәшине не?

    • Мәшине (көлік).

    • Автобус не?

    • Автобус (көлік).

«Көлік» сөзін жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады. Қалада көлік көп, сондықтан абай болу керек.

Жаңа сөздермен таныстыру.


Демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада).

    • Мынау – ұшақ, ұшақ.

    • Мынау не?

    • Мынау – ұшақ . (балалар жеке-жеке сөзді айтып жаттығады).

    • Ұшақ – көлік.

    • Ұшақ не?

    • Ұшақ – көлік.

    • Саяхатқа ұшақпен баруға болады

    • Саяхатқа немен баруға болады?

    • Саяхатқа ұшақпен баруға болады.

    • Қандай ұшақ болады? (Үлкен, кішкентай).

    • Мынау – пойыз.

    • Мынау не?

    • Мынау – пойыз. (Балалар жеке –жеке айтады).

    • Пойыз – көлік.

    • Пойыз не?

    • Пойыз – көлік.

    • Саяхатқа пойызбен баруға болады.

    • Саяхатқа немен баруға болады?

    • Саяхатқа пойызбен баруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет