Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет66/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   171
Билингвалды компонент: балалар бөлмесі – детская комната, ойыншықтар – игрушки, шам

  • лампа, перде – шторы, кітаптар – книги.



ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Ойын: «Қандай сөз артық?». Педагог сөздерді айтады, балалар мұқият тыңдап қандай сөз артық екенін табады. Мысалы: кереует, үстел, нан, кілем. Балалар әр дұрыс жауап үшін
фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
    1. Негізгі кезең


Ойын жаттығуы: «Сен қайда тұрасың?».
Мнемо кесте арқылы әр бала қайда тұратынын айтады.

  • Қай көшеде, қандай үйде тұрасың?

Педагог балалармен бірге мнемо кестедегі символдар нені білдіретінін талқылайды.

  • Мен ... (көшенің аты) көшесінде, 2 қабатты (көпқабатты) үйде тұрамын.

  • Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме?

  • Сенің пәтеріңде (үйіңде) қандай бөлме бар?

Суретпен жұмыс.

    • Мынау – балалар бөлмесі. Мынау қандай бөлме?

    • Мынау – балалар бөлмесі.

Бірнеше бала жауап береді.

    • Бөлмеде нелер бар? Бөлмедегі заттарды атап, көрсетеді. Бөлмеде кілем, кереует, үстел, орындық бар. Бөлмеде ойыншықтар бар.

    • Бөлме қандай? (әдемі, жарық)

    • Терезеде перде бар. Перде әдемі.

    • Мынау не? (Перде сөзін жеке, хормен қайталайды).

    • Бөлмеде шам бар. Мынау шам. Шам үстелдің үстінде тұр.

    • Шам қайда тұр?

    • Бөлмеде кітаптар бар. Кі-тап-тар.

    • Сенің бөлмең бар ма? Бөлмеңде не бар?

Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды, жеке-жеке жауап береді.
Сәуле өзінің бөлмесі туралы айтады: Менің бөлмем үлкен, жарық, таза. Бөлмемде кереует, үстел, орындық бар. Ойыншықтар бар. Мен бөлмемде ойнаймын. Ойыншықты жинаймын. Балалар үлгі бойынша мәтін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет