Билингвалдыкомпонент: балалар бөлмесі – детская комната, ойыншықтар – игрушки, шам
лампа, перде – шторы, кітаптар – книги.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Ойын: «Қандай сөз артық?». Педагог сөздерді айтады, балалар мұқият тыңдап қандай сөз артық екенін табады. Мысалы: кереует, үстел, нан, кілем. Балалар әр дұрыс жауап үшін
фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Ойын жаттығуы: «Сен қайда тұрасың?».
Мнемо кесте арқылы әр бала қайда тұратынын айтады.
Қай көшеде, қандай үйде тұрасың?
Педагог балалармен бірге мнемо кестедегі символдар нені білдіретінін талқылайды.
Мен ... (көшенің аты) көшесінде, 2 қабатты (көпқабатты) үйде тұрамын.
Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме?
Сенің пәтеріңде (үйіңде) қандай бөлме бар?
Суретпен жұмыс.
Мынау – балалар бөлмесі. Мынау қандай бөлме?
Мынау – балалар бөлмесі.
Бірнеше бала жауап береді.
Бөлмеде нелер бар? Бөлмедегі заттарды атап, көрсетеді. Бөлмеде кілем, кереует, үстел, орындық бар. Бөлмеде ойыншықтар бар.
Бөлме қандай? (әдемі, жарық)
Терезеде перде бар. Перде әдемі.
Мынау не? (Перде сөзін жеке, хормен қайталайды).
Бөлмеде шам бар. Мынау шам. Шам үстелдің үстінде тұр.
Шам қайда тұр?
Бөлмеде кітаптар бар. Кі-тап-тар.
Сенің бөлмең бар ма? Бөлмеңде не бар?
Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды, жеке-жеке жауап береді.
Сәуле өзінің бөлмесі туралы айтады: Менің бөлмем үлкен, жарық, таза. Бөлмемде кереует,үстел, орындық бар. Ойыншықтар бар. Мен бөлмемде ойнаймын. Ойыншықты жинаймын.Балалар үлгі бойынша мәтін құрайды.