Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Түсінеді: Нұр-Сұлтан – астана екенін. Қолданады



бет75/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   171
Түсінеді: Нұр-Сұлтан – астана екенін.
Қолданады: астананы атай алады, көрікті орындарын біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: Нұр-Сұлтанның көрікті орындары, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: астана – столица, әдемі – красивый, таза – чистый, жаңа – новый, көше – улица, биік – высокий, ескерткіш – памятник.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Қолдарында диск бар.

    • Сәлеметсіздер ме?! Өткен тақырыпты қайталау.

    • Мемлекеттік Рәміздерді ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба).

    • Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген)

    • Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов).
  1. Негізгі кезең


Қуыршақтар: балалар, біз сендерге астана Нұр-Сұлтан туралы диск алып келдік.
Педагог сұрақ қояды: Нұр-Сұлтан қандай қала?

  • Нұр-Сұлтан – астана.

Қуыршақ Сәуле: Мен сендерге Нұр-Сұлтанның көрікті орындарын көрсете аламын.
Интербелсенді тақтада көрсету. Нұр-Сұлтан – біздің астана. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы. Мынау – көше. Астанада көшелер көп.

  • Көше таза. Көшелер таза.

  • Мынау – үй. Үй – үйлер.

  • Биік үй. Биік үйлер.

  • Әдемі үйлер.

  • Мынау – Бәйтерек. (Түсінік беріледі). Бәйтерек әдемі.

Мынау – ескерткіш.
Мынау – үш би ескерткіші. Нұр-Сұлтан – жаңа қала.
Нұр-Сұлтан қандай қала екен? (Балалар «әдемі», «таза», жаңа сөздерін қолданып, жауап береді).
Нұр-Сұлтан – жаңа қала. Нұр-Сұлтан – әдемі, таза қала.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді педагогтен кейін қайталап, жаттығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет