Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Жасайды: киімдерін меншіктеп және жекеше және көпше түрде айтады. Түсінеді



бет91/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171
Жасайды: киімдерін меншіктеп және жекеше және көпше түрде айтады.
Түсінеді: киім атауларын түсініп, дұрыс көрсетеді.
Қолданады: дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтады,сұраққа қысқа сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материал, қуыршақ киімдері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: шұлық – носки, жемпір – вязаная кофта, жең – рукава, қысқа – короткий, ұзын – длинный.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Қол ұстасып, кәне, біз Достасайық бәріміз.
Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Қысқы орманға саяхат» тақырып бойынша сөздерді естеріне түсіреді. Педагог құстарды атайды, балалар олардың суреттерін тақтаға іледі. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
  1. Негізгі кезең


Дидактикалық ойын: «Не артық?». Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).
– Көйлек неге артық?
– Көйлек – киім.
– Сендерде қандай киім бар?
Қуыршақ киімдері арқылы жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіру.
– Көйлек, шалбар, жейде – нелер?
– Көйлек – киім. Шалбар – киім. Көйлек, жейде, шалбар – киімдер.
Мынау – ұзын жең жейде.
Мынау қандай жейде? Мынау – ұзын жең жейде.
Мынау – қысқа жең көйлек. Мынау қандай көйлек?
Мынау – қысқа жең көйлек. Сөйлемдерді айтып жаттығады.
Жең, ұзын сөздерін дұрыс айтып жаттығу. Ең-ең-жең. Ұұұзын жең.
Қа-қа-қысқа – қысқа жең. Суреттермен жұмыс.
– Мынау – шұлық. Шұ-лық.
– Мынау не?
– Мынау – шұлық.
– Мынау – шұлықтар.
– Мынау нелер?
– Мынау – шұлықтар.
– Мынау – жемпір. Жем-пір.
– Мынау не?
– Мынау – жемпір.
– Мынау – жемпірлер.
– Мынау нелер?
– Мынау – жемпірлер.
– Жемпір – киім
– Жемпір не?
– Жемпір – киім.
– Сен не кидің? (Балалар өз киімдерін атайды).
– Сенің көйлегің қандай?
– Менің көйлегім қызыл (ұзын жеңді, әдемі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет