Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
48-жаттығу. 1. Берілген сөйлем ішінен метафораларды тауып, 
түсіндіріңіз. 
1. Райымбек ойлай-ойлай қиял теңізіне бойлап бара жатқанда аяқ астынан 
шыққан тасыр-тұсыр, абыр-дабыр елең еткізді. 2. Қарттың көкірегінде үміт оты 
тұтанып келе жатыр еді. 3. Райымбек ой теңізіне шомылып келе жатқанда 
соңындағы сарбаздан бір хабар жетті. 4. Райымбектер тау етегінен түсіп, 
көсілген кең жазықпен күншығысқа бет алды. 5. Тұла бойы қорғасындай 
балқып, тұңғыш рет шашынан иіскеді. 6. Міне, алқап төсі күн сәскеге көтеріле 
шыжандай адам, қара-қорым, ат көлікке толды. 7. Ай отырып, той-жиын 
өткізіп, таптаурын болған қара жұртты қалдырды да, тау ішінің жел өтінен
ықтасын сай-сала, жыра-жылғаларына барып, ауыл-ауыл болып қоңсы қонып, 
қоныс тепті. 8. Сондықтан неменеңе мәз болып қыс көзі қырауда дірдектеп 
далада жүресіңдер, одан да үйлеріңе келіп шаруаларыңды істеңдер. 9. Сонда да 
істеп отырған қылығы әлгі болған соң, менің де зығырданым қайнағаны сонша, 
ол ауылдан мұнда жүргенінің бар-жоғы он-он бес адам екен. 10. Жол жағдайын, 
жер сырын жетік білетін Есжан он-он бес жігітті ертіп, жарты күндік жерге 
келгенде көз ұшынан түйдектеле қарауытып үлкен топ болып, бірыңғай боран 
түстілер көрінді. 
Райымбек батыр 
2. Метафора қалай жасалады? 
3. Мына сөйлемдегі сөздерге лексикалық талдау жаса. 
Қарттың көкірегінде үміт оты тұтанып келе жатыр еді. 
 
49-жаттығу. 1. Берілген сөйлем іштерінен метонимияларды тауып, 
түсіндіріңіз. 
1. Осы ұрыстан соң «Бадам өлген» одан кейін біржола «Бадам» атанған, 
ежелгі көкөзен алқабы сазбалшық пен қанбалшыққа айналды. 2. Сан мың 
сарбаз ішіндегі екі қызды жау жаққа даралап тұрып аттандырғаным қалың 
құлақ арасындағы екі том гүлді үзіп алып, аулаққа лақтырып тастағанмен 
бірдей болыпты-ау. 3. ... Бадам батур желпісіне тартып кеткеннен кейін артта 
қалған ауыл үй іші бір сәт әбігерден арылып, өніп шығарғандай тымырсық 


63 
тыныштыққа бөленді. 4. Өзге-түгіл өз бала-шағалаларының да қайда жүргенін 
білмей адасқандар көп. 5. Қолбастаушыларынан қара үзіп қалмау үшін салт 
атты қалың сарбаз да сайгүліктерінің сауырына қамшыны сипай соғып, бір 
қалыпты сар желіске салды. 6. Тісін қайрап, қос жұдырығын тас түйіп алып, 
жігіттер кеткен жаққа қадала қарап, тұрған ол тіл қатқанша екі тентекті алып 
жігіттерге таяды. 7. Бүйткенше баяғы «Ақтабан-шұбырынды» кезіндегі жоңғар 
шеріктері қазақ ауылын қалай шапса, сендерді де сөйтіп тып-типыл етіп кету 
керек еді – деп сарбаз шалдың бетіне тыжырына қарады. 8. Енді керуен келсе 
жалаңаш – жалпылықтан да құтылармыз, деп Ташкенді түп орнымен қопара 
көшіріп келетіндей бар үмітті соған артып, бар жақсылықты содан күтіп, бала-
шағаларын да сол керуен алып келер дүниеге дәметтіріп, отырған жағдайлары 
бар. 9. Үш шерігін шығарып алып жақын маңдағы Сары-Манжаға шаптырды. 
10. Бар-жоғы мыңға жетпейтін сарбазымен Үңгіртас жазығында Лама Дорждге 
түменнің қоршауында қалып қойып, он күн бойы берілмей ұрысқан Райымбек 
батыр. 
2. Семасиологияның зерттеу объектісіне не жатады? 
3. Асыл – тастан, ақыл – жастан. 
Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал. 
Ақыл алда, ашу арта – деген мақалдардың мағыналарын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет