65
- Итбай ма, Күшікбай ма, Төбет пе әлде?
- Иә, иә, осы кейінгісі.
- Бұл қай ауыл, қай ел? Сұрастырғанша отағасы шығып кетті.
- Сіз мені ылғи сопыға салдыңыз. Аталарымның атын қалай атайын.
- Күйеуіңіздің атын атамай-ақ білдірдіңіз ғой,
тағы да тұспалдап
байқаңызшы.
- «Дода», «Жүн жеп жабағы тышқан» деген қалжыңды естіген шығарсыз.
- Е, е, Қареке ме?
- Иә, иә ауылым мынау аттас – деді де келіншек қолын, тұяғын көрсетті.
- Тұяқбай атана ма?
- Дәл таптыңыз.
2. Табуға қандай сөздер жатады? Ол сөздердің келтірінді,
ауыспалы мағынаға
қатысы бар ма?
3.
Оң, сабыр, тез – сөздерінің синонимдерін табыңыз.
53-жаттығу.
1.
Берілген
төмендегі
эвфемизмдермен
сөйлем
құрастырыңыз.
Қосып айту, қолды болыпты,
ала жібін аттамау, сөзуарлау, жүріп кетті,
қолына құс қондыру, опат болу, үйлі-баранды болу, баласын аяқтандыру, мерт
болу, жасыл түсті, мүкісі бар, кемтарлау, жүкті,
ауқатты әйел, түс шайысты,
тетелес, тентек су.
ҮЛГІ: Жасы жеткен апамыз анда-санда қайтпас сапарға кеткен шалын ойлап,
көзінің жасын үйдегілерге білдіртпей сығып алатын.
2. Эвфемизмдермдің ерекшелігі неде?
3. Табу сөздер қалай пайда болған?
Достарыңызбен бөлісу: