Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет61/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
2- жаттығу. 1. Мына синонимдердің баламасын (синонимдер сөздігі 
бойынша) табыңыздар да көркем шығармадан сөйлем жазып келіңіздер. 
Бет, билік, шешен, әдіс, кездесу, зерек, мұғалім, өкіну, құтқару. 
ҮЛГІ: Ұлжан бұрынғыша етті болса да, қазір кәрілікке жеңгізгендей, жүзі 
сарғылт тартқан /Әуезов/. 
2. Синонимдер сөздігі туралы не білесіздер. 
3. Бір тілдік сөздіктерге қандай сөздіктер жатады? Олардың ерекшелігі неде? 
3- жаттығу.  Мына мәтіннің ішінен омоним болатын сөздерді табыңыздар. 
Әз Жәнібек қасында Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып,
тазы жүгіртіп, сайраңдап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында 
бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне:
- Томағаларын сыпырып, құстарды қоя беріңдер! – дейді. Жігіттер дабыл 
қағып, құстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап 
жорғалап барып, аспанға көтеріліп келеді. Осы бір сәтті пайдаланған хан, 
Жиреншені тағы бір сынамақ болады.


80 
- Жиреншем, әлгі де бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жорғалап кетті 
ғой, бұл қалай? 
Сонда Жиренше саспапты: 
- Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі 
аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз!- депті. 
2. Салыстырмалы сөздікті қалай түсінесіздер? 
3. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі қашан шықты, авторлары кімдер? 
4- жаттығу. 1. Мәтінді оқып шығып, кірме сөздерді анықтап, 
түсіндіріңіздер. 
Тағы бір күні атан түйені жетелеген, екі адам Едігені көріп: «Әй, қойшы, 
осы түйеге даулымыз, төрелігін бересің бе?»- деп сұрайды. «Беремін» - дейді 
қойшы бала жасқанбай. «Осы түйе менікі. Бота кезінде жоғалған. Атан 
болғанында танып тұрмын. Ұрлаған ұрым – мынау», - дейді біреуі. «Өз 
інгенімнің ботасы: өз бурамның тұқымы. Бұл маған қылып отырған жаласы»,-
дейді екіншісі. Едіге екеуіне түйенің енесін тауып әкеліңдер дейді. Екі інген 
келтірілген соң, Едіге атаның тоқымына қыл бұрау салып бұрайды. «Жоғалтып 
едім» деген жоқшының інгені боздап атанның үстіне түсе қалады. Сонда бала: 
«Мұның ұрлатқаны шын екен. Түйесін қайтарыңыз», - дейді. Екіншісі – бұл 
төрелікке көнбеймін деп, Тоқтамыс ханға барады. Түйесін таныған бірінші 
ханға: «Осындай бір төрелік айтылып еді», - дейді, хан «Ол қандай төрелік 
еді?» - дейді. Олар жолда бір қойшы балаға жолыққанын айтады. Хан: «ендеше 
сол төрелікке тоқтап, түйесін қайтарып беріңіз», - депті. 
2. Омонимдер, синонимдер және антонимдер сөздіктері дегеніміз не? Олар 
сөздіктің қай түріне жатады? 
3. Білім жайлы 3 мақал ойластырыңыз / синоним, омоним, антоним қолданып/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет