Балалардың қыстық мерекелер жайлы білімдерін кеңейту; жаңа жылдық мереке туралы түсініктерін дамыту; сөз таптарын білдіретін сын есім, үстеу сөздер жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздіктеріне "мереке", "мұрт", "тез", "баяу", "жеңіл", "ауыр" сөздерін еңгізу; жаңа жылдық әндердің жолдарын айту арқылы сөздіктерін арттыру.
Жаңа жылдық мерекелердің жақындағаның білдіретін әуеннің аудиотаспасы.
Демонстрациялық безендірілмеген (шарларсыз) шырша сұлбасы.
Демонстрациялық безендірілген шырша сұлбасы.
Биіктігі бала бойынан ұзын шырша макеті .
Әуен ырғақтары бір-біріне қарама-қарсы екі аудиотаспа.
Демонстрациялық суреттер: орналасуы әртүрлі аңдардың көлеңкесі - тиін, сауысқан, түлкі, кірпі, аю, мысық, қоян, бақа, қасқыр.
Шыршаға арналған ойыншық-шарлар.
Әртүрлі кейіпкер аңдардың жаңа жылдық бетперделері.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
"Күтеміз сені, Жаңа жыл!"
Сөз тудыруға арналған сөздік жаттығу. "Шыршаны жаңа ойыншық-сөздермен безендірейік".
Лексикалық-ырғақты жаттығу. "Жеңіл - ауыр, баяу - тез".
Есте сақтауға арналған сөздік-дамытушылық жаттығу. "Мерекеде нелер болды?".
Сөзді-ырғақты музыкалық жаттығу. "Күтеміз сені, Жаңа жыл!"
Ұйымдастырылған іс-әрекет Мектепалды топ Дүйсенбі
Балалардың қысқы мерекелер туралы білімдерін кеңейту; "Алдар Көсенің сиқырлы шапаны" ертегісінің мазмұнымен таныстыру; жаңа жылдық мереке туралы ұғымды дамыту; зат есім, сын есім есімдерін білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру; еңбексүйгіштік, адалдық, мейірімділік туралы түсініктерін дамыту; балаларды қазақ тілінде ертегі тыңдауға, ертегінің мазмұнын есте сақтауға, кейіпкерлердің есімдерін есте сақтауға, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру; достыққа, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "бай", "айлакер", "шапан", "ішік", "бөрік", "тымақ", "қамшы" сөздерін енгізу; "Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы-тұщысын тартқан біледі" мақалымен сөздік қорларын молайту.
Жаңа жылдық әуен.
Сөздік жұмысқа арналған мнемокарта: Алдар Көсе; Бай; боран; шапан; ішік; бөрік; тымақ; қамшы; аңқау бай; айлакер Алдар Көсе.
"Алдар Көсенің сиқырлы шапаны" ертегісінің желісі бойынша сюжеттік суреттер:
- Қыс мезгілі, жел соғып тұрады, Алдар Көсе шұрық тесіктері бар шапан киген,
басында бөрік, астында арық ат.
- Басында тымақ, астында ат, үстінде түлкі ішігі бар толық денелі бай.
- Бай мен Алдар Көсе қарама-қарсы ат үстінде сөйлесіп тұрады.
- Бай Алдар Көсенің жыртық тонын ойлап тұрады, Алдар Көсе байдың ішігін
армандап тұрады.
- Астында байдың аты, үстінде байдың ішігі бар Алдар Көсе.
Жануарлар мен кейіпкерлердің түрлі маскалары.
"Амандасайық" жаттығуы.
Мнемокарталар негізіндде ертегі мазмұнымен сөздік жұмыс.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу.
"Алдар Көсенің сиқырлы шапаны" ертегісін мәнерлеп оқу.
"Алдар Көсенің сиқырлы шапаны" ертегісінің мазмұнын құрастыруға арналған ауызша жаттығу.
Ырғақты сергіту сәті. "Далада аяз гуілдеп",
Зат есім мен сын есім негізінде жұмбақтарды құрастыруға және шешуге арналған ауызша жаттығу. "Біз ерекше жұмбақтар ойлап табамыз".
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу. "Есте сақтайық".