Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді жоспармұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.
Метатану «таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады.
Оқу бағдарламасыоқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу жоспарыбелгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға болатыны ұсынылады.
Оқу мақсатыоқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым.
Оқылым дағдысы көптеген факторлар арқылы анықталатын және бастапқы жетістікке жетіп, одан кейінгі оқуын соған негіздеу үшін ерте кезден оқыт арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуды қажет ететін оқылым қабілеттері.
Орта мерзімді жоспарлаубелгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау.