Рефлексия (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1 Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Тыңдалым дағдысыТыңдау арқылы түсіну; хабарланып жатқанды естіп, естігенімізді түсіну.
Әдістемелік нұсқаулық. 1.Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана,2014.
2.Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті» пəндері бойынша педагогкадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
9-тақырып:«М.Жұмабаев-қазақ халқының ұлы ақыны әрі патриоты» деген тақырыпқа жазба жұмысы.
Тапсырма: Эссе жазу.
Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.
10-тақырып:Рефлексия мен кері байланыс тәсілдері Рефлексия (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1 Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс — келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі.
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Позитивт іболу.Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы болмау. «Адамның басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек шығар?»
Ынталандыруға ұмтылу.Кері байланыстың бір мақсаты — адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
Сыпайы болу. Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екіталай. Көмектесу, жәрдем беру. Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымыз-ды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.
Тең ұстау.Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.
Сәттілікке бағыттау. Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс — игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру. Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу. Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.