Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Студенттерге мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау
|
Міндеттері: студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;
студенттерді әдістеме ғылымындағы жаңа бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;
пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
өз бетінше әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;
білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;
болашақ мамандарға қазақ әдебиетін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);
өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру;
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: (оқыту нәтижелері): Тілдік құзіреттілік – сөйлесім біліктіліктері (сөйлесім әрекетінің түрлері) мен тілдік білімдердің бірлігі және оларды қолдану дағдысы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).
Кәсіби құзіреттілік – өзін-өзі дамытуы (рефлексия), өз пәнін терең меңгеруі, психологиялық және педагогикалық терең білімінің болуы, оқытудағы дәстүрлі және инновациялық әдістерді, жаңа технологияларды меңгеруі.
Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі – кәсіби және өмір жағдаяттарында кездесетін проблемаларды шешуде тілдік дағдыларды өз мақсатына қарай орынды қолдана алу біліктілігі.
Ақпараттық құзіреттілік – қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты қажетті ақпаратты табу, талдау, өңдеу, сақтау, оның мазмұнын жеткізу, ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалану және жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияларды игеру біліктілігі.
Қатысымдық құзіреттілік – әлеуметтік-қоғамдық ортада сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша қатысымға түсу, қатысымдық міндеттерді шешу, тілдік құралдарды дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдану, өзінің көзқарасын жүйелі білдіре алу және пікірлесушінің көзқарасын тыңдап, түсіне алу біліктілігі.
Танымдық құзіреттілік – өз бетінше жаңа білімді игеру, білім деңгейін, педагогикалық шеберлікгін үнемі жетілдіру, жағдаятты түсіну, өз қабілеті мен білімін бағалау, өзіне қажетті білімді екшелеп, сұрыптап ала білу, оны қолданудың жолын меңгеру, өзін-өзі ұйымдастыру және дамыту, білімді өзіңе қажетті жағдайда қолдану, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірде танымдық қызметті дамыту біліктілігі.
Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік – қоғамда, көпшілік арасында сөйлей білу, қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алу, қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білу, интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алу, өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білу, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіру, көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеру, өзіндік көзқарасын, шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу, қоғамдық қарым-қатынаста өзіндік көзқарасын айту, өзіндік позициясын ұстану, қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алу, топ алдында сөйлей алу біліктілігі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |