Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]
Дәріс-3 Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы, әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары Мақсаты- жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысын игеру.
Жоспары: 1. Мектептік әдебиет курсының көркемөнердің өмірмен байланысы.
2. Бағдарлама– мемлекеттік құжат.
3. Оқу бағдарламалары мен оқулықтар.
4.Әдіскер ғалымдар
Әдебиетті оқыту курсының кәсіби білімді тереңдету мақсатын көздейтіндігі. Әдебиет пәні білім беру жүйесінде мынадай мақсаттарды көздейді.:
ұлттық және жалпыадамзаттық әдеби дамуға тән сипаттардың ұқсастығы мен даралығын саралау үстінде ұлттық, адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт дәстүрді құрметтейтін рухани кемелді, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу.
Көркем шығарма мәтіндерін мазмұн мен түр, негізіг әдеби-тарихи мағлұматтар және теориялық әдеби ұғымдар бірлігі тұрғысынан игеру, әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді, сондай-ақ , әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту.
Көркем мәтінді сезімталдықпен қабылдауды, бейнелі ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуді; өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы алғашқцы түсініктерді; оқушылардың көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген қажеттілігін; шығармадағы нақты тарихи және жалпы көркем мазмұнды анықтай алуды; ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерні беріп, қазақ әдеби тілін сауатты пайдалануды дамыту;
Шәкірттерге әдеби пәндер жүйесіне тән білім, іскерлік дағдыларды меңгеру, сондай-ақ, сөйлеу және жазу әрекеттеріне бейімділігін, оқу үрдісінде өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, игерген білім, дағды іскерліктерін өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Бұл мақсаттар әдебиетті оқыту үрдісінде өзара байланыста іске асады және осы негізде төмендегідей базалық біліктер айқындалады: