Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет35/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2. [1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4.[1.7:6]; 5. [1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].


Дәріс-2.Қазақ әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
Мақсаты- қазан төңкересіне дейінгі мектептер және оқытудың әдістері туралы ақпарат беру.
Жоспары:

  1. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ жеріндегі мектептер

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең.



1.Лекция тезисі:Қазақстандағы білімнің өткеніне көз салсақ, білім беру тамыры ерте заманнан басталады. 7-8 ғасырларда мектеп-медреселер, діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Ал 19-ғасырдың екінші жартысында білім беру ісі үш бағытта дамыды: 1. Қадим мектептері (мұсылмандық дәстүрлі діни мектептері) 2. Жәдит мектептері. 3. Орыс-қазақ мектептері.
Мұсылмандық дәстүрлі діни мектептерде ешқандай дүниелік ғылым-білім, ана тілі, қазақ əдебиеті сияқты пəндер оқытылмай, тек дін сабақтары: араб тілі, ислам дінінің фарыз-қағидаларын өткен. Бұлардың бəрінде əуелі иман-шарт кітабы оқытылып, онда балалар араб тіліндегі 29 харіптің сүресін, ережесін, араб тіліндегі барлық харіптен құралған, мағынасы жоқ белгілі ғана сөздерді, түрлі аят-мінажат, дұғаларды жаттайтын. Иман-шартты шала-шарпы жаттаған соң, арабша аят, дұға, насихат өлең түрлерін жаттап, құранның өзіне көшетін-ді.
Еуропаның білім беру жүйесі мен щығыстық дәстүрлі үлгіні таразылай отырып татар ағартушысы Исмаил Гаспыралы мектеп-медреселерде реформа жасау қажет деп білді. Осылайша ой түйген ол, кейіннен “Тәржіман” газетіне қосымша ретінде жариялаған “Мектеп және жәдидшілік деген не?” атты кітапшада реформа жасауды қалаған ескі әдісті қолданатын мектептердің қателіктерін былай деп көрсетіп берді. Оның пікірінше, бір кездері озық мәдениеттің бесігі болған мектеп-медреселерде уақыт өте келе мынадай қателіктерге жол берілген: Мектеп-медреселерде белгілі бір оқу жүйесі жоқ; Дәрістер оңайдан емес, керісінше, күрделіден басталады; Шәкірттер ешқандай сынақ немесе тексеруден өткізілмейді; Шәкірттер қабылдануына және қабілеттеріне қарай сыныптарға бөлінбейді; Ана тілінде оқу, шығарма, есеп сияқты пәндер жеке пән ретінде оқытылмайды; Негізгі кітаптардың орнына қажетсіз түсініктемелерге көп орын берілген.
Жәдит мектептері ХІХ ғасырдың екінші жартысында туды десек те, қазақ даласында бой көрсете бастауы ХХ ғасырдың басы еді. Дәстүрлі мұсылман мектептерінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады. Білім беру саласына терең талдау жасаған Исмаил бек, оқу – ағарту ісінің ұлттық педагогика негізінде болып, мектептердің ана тілінде білім беруін, медреселерде діни ілімдермен бірге дүнияуи ғылымдардың қатар оқытылуын және жаңа әдіспен белгілі бір қалыпқа түскен, өзіндік ережелері мен қағидалары бар оқу жүйесінің қажетсіз пәндерден арылуы керектігін, оның орнына оңайдан бастай отырып ғылым хат, тәпсір, хадис, тарих, жағрафия пәндеріне көбірек мән берілуін баса айтты.
Исмаил Гаспыралы тарапынан ашылған жәдид мектебі халық тарапынан қысқа уақыт ішінде қолдау тауып, саны бірте-бірте арта түсті. Исмаил Гаспыралы “Тәржіман” газеті арқылы жәдид мектептері туралы көптеген мәліметтер беріп, халықтың ынтасын арттырса, екінші жағынан “Хожа-и Субян” атты оқулық арқылы жаңа жүйесінің қалай жүзеге асырылатынын үйрететін еді. Жаңа жүйе бойынша жәдид мектептерінде ескі қадим мектептерінен бөлек, белгілі бір қағидалар қалыптасты.
Сонымен, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан былай қазақ арасындағы мектеп, медреселердің көпшілігі жаңа, төте, оқу «ұсылы жəдид» тəртібіне көшті: мектеп, медреселерде діни сабақтарымен қатар ана тілі, есеп, география, тарих оқылатын болды. Кейбір медреселерде орыс тілі де жүрді. Балалар аз уақыт ішінде хат танып, бастауыш көлемде білім алып шығатын-ды. Қадым мектептері көбіне ауылда басым болса, жәдит мектептері қалалы жерде өріс алды.
Бұл мектеп, медреселер қазақ арасынан сауатты, оқыған адамдардың, қазақтың жаңаша оқыған интеллигенттерінің шығуына, халықтың оянуына белгілі дəрежеде себепкер болды. Ұсыли-жəдид ағымы діни ескі оқуға қарсы, қазақ арасындағы орта ғасырлық мешеулікке қарсы күресуде прогресшіл бағыт ұстанды. Кейін жəдидшілдердің көпшілігі ұлт қамы үшін, орыс шовинизміне қарсы батыр күрестерге шықты. Оларды патша Үкіметі пантюркистер, панисламистер деп атап, барынша қудалау жолына түсті. Кейін Кеңес үкіметі жəдидшілдерді біржолата тарих сахнасынан аластауға жан-тəнімен ерісіп, олардың көпшілігі коммунистік партия тарапынан репрессияға ұшырады.
Ғалымдар алғашқы мұсылмандық білім ошақтары-медреселер жұрттың бәрі ойлағандай араб жерінде емес, біздің топырағымызда, дәлірек айтқанда – Мәуренахр жерінде пайда болған деген дерек келтіреді. Түркістан өлкесіндегі алғашқы медреселер Ислам бұл аймаққа тарала бастаған кез – 8 ғасырда пайда болған.
Құлшылық ордасы мешіттерден медіреселердің бөлінуі мұсылмандық діни білім беру ісінің жаңа кезеңін бастады. Ендігі жерде медреселер ислам дінін үйретудің арнайы жабдықталған және үлкен ғұламаларды қамтыған білім мекемесіне айнала бастады. Алғашқы күннен бастап медресе бағдарламасында шәкірттің негізгі құнды сапасы – жақсы есте сақтау қабілеті деп танылды да, білім жаттау арқылы сіңірілді. Кейіннен байқап отырғанымыздай, медресе шәкірттерінің бұл қасиеті Құран мен Пайғамбардың хадистерінің бізге өзгеріссіз жетуіне септігін тигізген.
Қазіргі мектеп оқыту әдістемесінде көп пайдаланылмайтын дәрісті жаттау әдісінің ғылымды игерудегі салмағының ерекшелігін мұсылман ғұламаларының бәрі дерлік айтқан. Діннен тыс қарағанда «құрғақ, жаттанды сөз» деп қаралатын жаттау әдісі шындығында адамның білімді игерудің негізгі әрі маңызды шарты. Бұл туралы бізге заманы жақындау ғұламаларының ішінде башқұрттан шыққан Зәки Уәлиди Тоған 19 ғасырдағы Түркістандағы медреселер мен қарапайым отбасындағы діни тәрбиедегі жаттаудың рөлін жоғары бағалаған. Уәлиди Естеліктерінде Өзінің тағдырдың тәлкегімен темір торға қамалып, оқитын газет-журнал тоқтатылған сәтте баяғы медреседе жаттаған аят-хадис, Иассауи хикметтерін қайта қорытуға мүмкіндік алғанын, жатталған білім пікіріне азық болып, астарына бүккен сырды аша түскенін жазады.
Ал Ибн Сина мұғалімге қойылған талаптардың ішіндегі негізгілерін – тәрбие әдістерін терең меңгеру, әдеп тәртіптерін жақсы білетін қайратты, шыншыл әрі үлкен жүректі болу деп белгілейді. Жалпы мұсылмандық оқу жүйесі негізінен екі сатыдан: бастауыш саты-мектеп, орта саты-медреседен тұрды. Қазіргі күні медреселердің мұсылмандық білім жүйесінің жоғарғы оқу орны болғаны дәлелденіп отыр. Ал медресеге дейінгі алғашқы бастауыш білім сатылары ретінде қарыханалар мен далаилханалар алынды. Мектеп-медреседегі оқыту ісін ұйымдастыру, оның оқу бағдарламалары мен әдістемелері туралы мәліметтері мен деректер қорының бүгінгі күнге жетуі ұлы ғалым Ұлықбектің есімімен тікелей байланысты. 14-15 ғасырдың басында оқу жүйесінің құрылымын қайта құрған Ұлықбек тек мемлекет басшысы, меценат қана емес, ірі әдіскер ғалым да болған.
19 ғасырдан бастап жәдидтік бастаулардан нәр алған қазақ ғұламалары медреселердегі оқыту үрдісінің кәсіби деңгейін біршама ілгерлетті. Рухани жағынан медреселер халықты тәрбиелеудегі маңызды институт болып қалыптасты. Медресе білім адамгершіліктің бастауы болып тұлғаның рухани-интелектуалдық жағынан толысуына өлшеусіз жол ашты, әдептен озбайтын, ішкі потенциалы бай шәкірттерді молайтты. Бұлардың көпшілігі өмірлерінің ақырына дейін медресе ұрығын сепкен ізгілік пен адамгершіліктің қалпын сақтады. Бұған артында сөзі қалған, кейінгіге өнегесі мирас қазақ зиялыларының баршасының дерлік дүниетанымының бастау көзі – медресе болғаны дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет