Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет58/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Пікір-сайысын ұйымдастыру
* Шерхан Мұртазаның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларын салыстырыңыз.
* «Бесеудің хаты» пьесасы, «Интернат наны» әңгімесі, «Қызыл жебе» романындағы тарихи тұлғалардың көркем бейнесін берудегі жазушы шеберлігі.
* «Ай мен Айша» романының танымдық, тәрбиелік мәні және алған әсеріңіз.
Пікір- сайысын ұйымдастыру кезінде оқытушы алдын ала тиімді сәттерді ойластырып, әр түрлі көзқарастарға сүйене отырып, талқылауға білікті бағыт береді. Талқылау барысында студенттің кез-келген ой-пікірі тыңдалады және тыңдауға мүмкіндік жасалады. Студенттің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен танымдық, тәрбиелік аспектісі де іске асады.
Үшінші кезеңде оқытушы студенттердің өздiгiнен iстейтiн жұмыстары-
ның түрiн ұйымдастырады.
1. Мәтiндегі мақал-мәтелдерді теріп жазу
«Адамның басы – Алланың добы», «Кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейді», «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар», «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке», «Көп түкірсе – көл», «Әкесіз жетім – арсыз жетім, шешесіз жетім – шерлі жетім», «Орнында бар - оңалар», «Жазмыштан озмыш жоқ», «Сарт байыса там салады, қазақ байыса қатын алады», «Көп қорқытады, терең батырады», «Қойдың сүті – қорғасын, қойды сөккен оңбасын», «Ас – адамның арқауы», «Мың біз-сізден, - бір шыж-быж артық», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде», «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал алдынан шығар», «Сабыр түбі – сары алтын», «Басқа түссе баспақшыл», «Жеті атасын білмеген – жетесіз, түп атасын білмеген - тексіз», «Әкенің жақындығы жездедей-ақ», «Еңбек етсең емерсің» , «Арпа-бидай – ас екен, алтын-күміс – тас екен», «Түсі жылыдан түңілме», «Қасқырдан қауқар кеткенде апа дейді ешкіні», «Ел құлағы - елу», «Түс – түлкінің боғы», «Өз үйің - өлең төсегің» т.б. [4].
2. Романдағы автордың өз ой-толғамдарын теріп жазу.
«Иттің де ақылдысы, ақымағы бар. Тектісі, тексізі бар. Кісінің жақсы, жаманын ит пен бала таниды деген рас. Бірақ иттің бәрі емес. Адамдардың арасында бұзығы, қара ниеттісі, ұсақшыл қырттары бар сияқты, итте де небір тәсірсіздері бар. Жалпы, ит тұқымы адамға адал берілген хайуан екені рас. Бірақ «иттің етінен жек көремін», «иттің баласы», «сен итсің» сияқты балағат сөздер сол иттің тұтас затынан емес, жамандарынан туындаған болуы керек...» Сонымен қатар, «Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін - өзіміз. Ең ақылды жаратылған жан – ол адам. Ақылды азапқа айналдырған да адам. Жаратылыста жазық жоқ» т.б. [4].
3. «Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
«Ай мен Айша» романында жазушы өзінің бес жасынан бастап он төрт жасқа дейінгі балалық шағын суреттейді. «Ай мен Айша» - мемуарлық роман. Автор оқиғаны бірінші жақтан баяндап қана қоймайды, өзінің пікірін де білдіріп отырады. Романда көркем бейнелі тіркестер, мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, жазушының өз ой-қорытындыларынан туған нақыл, ақыл сөздер кездеседі. Сонымен қатар, романда риторикалық сұраулы сөйлемдер, эмоционалды- экспрессивті сөздер бар. Табиғат көріністерін де едәуір жиі кездестіреміз. Жазушы кейіпкерлерді таныстырғанда – оның сыртқы портреті мен ішкі мінез ерекшеліктері, іс-әрекетін сипаттағанда, оның кім екенін және оған өзінің көзқарасы қандай екенін ашық білдіреді т.б.
4. Романнан көркемдегіш құралдарды теріп жазу. Төмендегі үлгі бойынша студенттер мәтіннен теңеу сөздерді табады.
Үлгі:
Жазушы өз романында бір затты екініші бір затқа, бір құбылысты екінші бір құбылысқа теңеу арқылы, оларды салыстыра суреттеу мақсатында оқырманға өзінің бұрыннан таныс нәрсенің, таныс құбылыстарының тағы бір қырын тереңірек білуге жәрдемдеседі. Бірақ қаламгер кез келген екі құбылысты салыстырып, бір-біріне теңей бермейді. Әрбір нақты теңеуді шығарманың идеялық, оған байланысты эмоциялық мазмұнына бағындырып отырады. Автор романда теңеуді төмендегі мақсаттарда қолданған Мысалы:

  1. Автор теңеуді ең алдымен, кейіпкерлердің бет-пішінін, сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін пайдаланады.

  2. Жазушы теңеуді адам сезімдерін, көңіл-күйлерін, психологиялық халін, әсерлері мен ойларын да нақтыландыру амалы ретінде қолданады.

  3. Ш.Мұртаза теңеу арқылы кейіпкерлердің әдетін, қимылын, іс-әрекетін, қалыпты күйін де шебер суреттейді.

  4. Ш.Мұртазаның теңеуді қолданудағы тағы бір мақсаты – табиғат көріністерін, тұрмыстық жағдайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқушы сезіміне әсер етерліктей етіп береді.

Төртінші кезеңде студенттер әдеби-теориялық білімдерін кеңейтеді, ғылыми-теориялық еңбектерден материалдарды іріктеп оқиды және интерактивтік тақтаға талданып отырған шығарма бойынша жауаптарын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет