Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет57/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Роман жанрын оқыту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының талабына сай, білім беруші әрбір оқытушының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі –оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру. Осы міндетті іске асыру барысында қазіргі таңда жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық, интерактивтік тәсілдерін игеру қажеттілігі туындап отыр.Себебі инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды.Студенттің ақыл ойын, ұлттық танымын, жеке бойындағы шығармашылықты қабілетін дамытып, болашақ маманның кәсіби шеберлігін дамытуды көздейді. Ол үздіксіз білім алу барысында іске асады.
Инновация – жаңалық енгізу деген ұғымды білдіреді. Оқу үрдісіне жаңалық енгізу – бүгінгі күннің міндеті. Оны алдымен оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін игерген студент қана игере алады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, өз бетімен іздену, әрекеттену әдістерін меңгерту, шығармашылық икемділігін дамыту т.б. Осы мақсатты жүзеге асыруда оқытушылар оқыту үрдісінде инновациялық, интерактивтік әдіс-тәсілдерді қолданып жүр. Бұл әдіс бойынша білім беру кезінде оқытушы – кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал оқу тобы белсенді түрде әрекет ете отырып бірін-бірі қолдау толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Сонымен қатар, студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға, білімді сапалы, жүйелі қабылдай алуына септігін тигізеді. Мысалы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын оқытқанда «кейс – стади» тәсілін қолдану тиімді. Алдымен оқытушы дәстүрлі оқытудың классикалық әдіс-тәсілдері бойынша мәтінді күнілгері оқудан өткізеді.
Оқытушының кіріспе сөзі. Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұловтың бейнесін «Қызыл жебе» романында сомдағанын білеміз. Ал, «Ай мен Айша» романы Шерханның 5 жастан-14 жасқа дейінгі өмірін қамтыған мемуарлық роман. Автор шығармасында Қазақстандағы 1937 жылдардағы қуғын-сүргін салдарынан халқымыздың тарихындағы ең қайғылы кезең оқиғасының және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына түскен ауыртпалықты суреттейді. Романда екі үлкен тарихи кезеңнің шындығы бар.
Екінші, оқытушы мәтiндi үйде, дәрісханада оқыту арқылы студенттердің оқу дағдыларын қалыптастыруда түсiндiрмелi оқу, мәтінді мәнерiне, нақышына келтiрiп оқу, көркемсөз шеберлерiнiң оқуын тыңдау тағы басқа жұмыс түрлерiн жүргiзуге болады.
Оқытудың инновациялық, интерактивтік тәсілі бойынша «кейс –стадидің» бірінші кезеңінде студент өз бетімен мәтіннің мәнін түсінуге, жағдайды бағалауда өзіндік көзқарасын айқындауға, сұрақтарға жауап іздеп және мәселені шешудің нақты шешімдерін табуға тырысады. Ол романның негізгі қаһармандарына талдау жасау барысында жүзеге асады.
Үлгі:

Айша

Барсхан

Нәметқұл

Тасбет

Реалистік образ

Реалистік образ

Реалистік образ

Реалистік образ

Типтік образ







Типтік образ

Айша – «халық жауының» жесірі. Айша – қазақ әйелі. Ол өте бауырмал, қонақжай, сонымен қатар қатал әйел. Оны өмірдің өзі ашындырған. Ол үш баласын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсіреді. Әркез балаларына «сұғанақ болма» деп тәлім-тәрбие беріп отырады.

Барсхан – «халық жауының» баласы. Бес жасында әкесінен айырылады. Балалық шағы қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келеді. Ол бала болып ойнамайды. Ендігі ауыртпалықтың бәрі анасы Айшамен қатар оның да мойнына жүктеледі. Ауыл жұмысына ерте араласады. Бірақ қайда барса да «халық жауының» баласы деген жала соңынан қалмайды.

Нәметқұл – ұзын бойлы, ажарлы, аса сабырлы кісі. Ол Барсханның немере ағасы. Нәметқұл колхозға темір құралдар дайындап шығаратын ауылдағы жалғыз шебер.Оны көпке дейін соғысқа алмайды. Өйткені колхоз құралсыз қалар еді.

Тасбет – ауыл бастығы. Өздері күндерін әрең көріп жүрген ауыл адамдарының еңбегін зая қылады. Ол көзін сылтауратып соғысқа бармайды т.б.

Екінші кезеңінде студенттер топқа бөлінеді де кейстің негізін құрайтын мәселенің төңірегінде пікір таластырады және диалогтық қарым-қатынас әдісін пайдалана отырып, бір шешімге келеді. Бұл кезеңде ой шабуылын, диалог, пікір алмасуларды пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет