Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Деңгейлік оқыту технологиясы (саралап оқыту)



бет65/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Деңгейлік оқыту технологиясы (саралап оқыту)
Бұл технолгия бойыншаьдеңгейлік жұмыстарды іске асыру мәселесіне қатысты В.Г.Беспалько, В.В.Фирсов, В.М.Монахов , Ж.Қараев т.б. ғалымдардың еңбегі жарық көрді.
В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады. Мұнда білімнің жүйелі анық берілуі, деңгейлік тапсырмалардың пән бағдарламасының талабына сай болуы, оқу материалының түсініктілігі, деңгейлік тапсырмалардың сабақ кездерінде оқушының танымдық белсенділігінің артуы, қабылдау деңгейіне т.б. назар аударылады.
Деңгейлік оқыту бойынша әр деңгейдің әдістемелік мақсаты, міндеті көрінеді. Оқу материалына қатысты тапсырмалар бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделене түседі. Ол оқушы білімін біртіндеп толықтырады, оқуға деген қабілеттерін арттырады.
Бірінші деңгейде барлық оқушыға ортақ, міндетті пән бағдарламасы бойынша тиянақты білім беріліп, олар орындаушылық қызмет атқарады. Мұғалімінің айтқандарын дайын күйінде қабылдап, қайтадан жеткізеді. Мәтінді түсінп оқуға тырысады, сөздік жұмыстарын жүргізеді. Сипаттау, мінездеме беру, түсіндіру тәсілдерін игереді..
Екінші деңгейлік тапсырмалар аз болса күрделене түседі. Оқушылар мәтінді түсініп, меңгеру барысында жұмыстың барлық түрімен таныса алады. Ойланып, еркін жұмыс істеуге дағдыланады. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді, мәтінді бөліктерге қойып ат қояды, әдеби-теориялық ұғымдарға байланысты талдаулар жасайды. Шығарманың көркем компоненттерінің атқарып тұрған қызметін, суреттеліп отырған құбылыстарға авторлық көзқарасты айқындай түседі.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды қорытындылап, жүйелей алады. Мәтінге баға беріп, автордың ой-пікіріне өзіндік көқарасын білдіреді. Оқушылардың логикалық ойлау дәрежелері жоғары болып, белсенділіктері мәтінді талдау барысында байқалады. Ақын-жазушылардың даралық қырларымен танысады, олардың шығармалдарында көтерген құндылықтарды пайымдауға тырысады. Проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды шешеді. «Менің ойымша», «менің тұжырымым» т.б. сияқты ішкі көрініс табады.
Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей. Мұнда ұсыналатын тапсырмалар қабілеті жоғары, ізденісі мол, дарынды оқушыларға арналады. Олар оқытушының бағыт-бағдарын ұғына отырып, қосымша материалмен жұмыстар жүргізеді. Өзіндік іс-әрекеттірін жүйелеп, нәтижеге қол жетуге ұмтылады. Көркем мәтінді талдауда жоғары белсендікі танытады. Проблемалық сұрақ ситуацияларды шешуде дәлелді ой-пікірлерді сұрыптап, өзіндік тұжырым жасайды. Мұғалім тек тақырыпты ұсынып, оларды ізденіске дайындайды. Оқушылар әдебиеттің тектері мен жанрлары, мазмұн мен түр деңгейі, шығарманың идеялық-стильдік бірлігі жайлы қорытынды жасайды т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет