Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет67/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Оқытудың жобалау технологиясы
«Жоба» -латын тілінен аударғанда «алдын-ала» деген ұғымды білдіреді. Жобалау оқу үрдісінде оқушының дара ерекшелігі, қабілетін анықтауда, психологиялық диагностика, сауалнама, әңгіме, шағын сыр толғау жазғызу т.б. жұмыс түрлері орындалады. Жобаны жүзеге асырауда оқушылар жаңаны ғана емсе, өзінің алодындағы нақты проблеманы шешеді. Бұл технология зерттеушілік оқыту технологиясымен сабақтасып келеді. Оқушының өз бетінше әрекеті, проблеманы көре білу, оны шешу, ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау іске асырылады. Өз пікірлерін еркін ұсына отырып дәлелдеуге тырысада, ең алдымен оқушылар зерттеуді неден бастайтынын анықтау қажет. Нақты мақсат белгіленеді. Алдын ала жоспар құрылады. Мақсатқа жету иәсілдері сұрыпталады.
Нәтижеде оқушының өз білімен білім алуы құзыреттілігін қалыптастыруға, әрекеттік, танмыдық, креативтік т.б. қабілеттерін дамытуға мүмкіндігін береді.
Үлгі :
1.Жоба тақырыбы.
2 Ақпарат беру.
3Жоспар жасау.
4.Іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізу т.б.
5.Аннотация
ІІ. 1-кезең Жобалық тапсырманы құрастыру.
2-кезең Жобаны жасау
3-кезең Нәтижені бағалау
4-кезең Жобаны қорғау
5-кезең Рефлекция (бір сабақ)
Тапсырма: Т.Жұмажанова Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі 84-98 беттерді конспектілеу.
Қазақ әдебиеті бойынша оқу модульдарын (9-сынып) құрастыр.
Глоссарий:
Модуль (лат) – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді.
«Интерактив» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекет ету» яғни біреумен ( компьютер, оқушы, оқытушы) дилог режимінде өзара әркет ету.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиетті модуль арқылы оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай?
Деңгейлік тапсырмалардың әдеби мәтінді меңгертудегі рөлін көрсет.
Дамыта оқытудың ерекшелігі қандай? Мысал келтір.


Дәріс-10. Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Мақсаты- сабақ және оның кезеңдерін игерту.
Жоспары:
1.Кіріспе сабақ, кіріспе жұмыс.
2.Қаламгер өмірі мен шығармашылығын оқыту
3.Зерттеу еңбектерді оқыту.
4. Қорытынды сабақтар.
5.Шолу тақырыптарын оқыту.
Кіріспе жұмыстары өтілгелі отырған тақырыпқа оқушыны қызықтыру, эмоцияларына әсер ету мақсатында жүргізіледі. Оны әңгімелеу, сол тақырыпқа байланысты қызықты қосымша материалдарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы немесе кинофрагменттерді көрсету, музыка(ән, күй) тыңдау т.б. жұмыстар негізінде ұйымдастыруға болады.
Кіріспенің мақсаты – белгілі бір мәтінді оқып түсінуге жеңілдік тудыру, балаларға бағыт беріп, оларды істелетін істің мазмұны мен тәсіліне қанықтыру.
Кіріспе әдебиеттік оқудың басты элементі емес, көбіне мәтінді оқуға апаратын жол, дайындық болғандықтан, оның көлемі де 5-6 класта 3-4 минуттан басталып, 7-8 кластарда 5-6 минуттық уақытқа шақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет