«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет50/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   145
4-сабақ.  «Өрмекші»  ойыны.  Сыныптағы  оқушылар 
төрт-төрттен  топтарға  бөлінеді.  1,  2,  3,  4  деген  белгілерді 
омырауларына  тағады.  Әр  түрлі  деңгейлік  тапсырмамен  4 
үстел қойылған, әр үстелден 3 деңгейдегі сұраққа үлгерге-
нінше  жауап  жазып  қалдырады.  1-үстелдің  тапсырмасын 
орындап  болған  соң  келесі  үстелдің  тапсырмасын  орын-
дайды. Сабақ барысында оқушы 4 үстелдегі сұрақтарға жауап 
беруі  тиіс.  Әр  үстелдегі  тапсырманы  орындауға  10  минут 
беріледі.  Соңынан  парақшаларды  жинап  алып,  мұғалім 
бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
I деңгей. 1. «Еріксіз жемтік шоқыдым» деген сөзінен нені 
түсінуге болады? Бұл қай жылдары еді? 2. «Бай мен кедей» 
өлеңін  қазіргі  заманмен  байланыстыра  суретте.  3.  «Еңлік-
Кебектегі» Кеңгірбай би мен «Қалқаман-Мамырдағы» Әнет 
бабаны  салыстыр.  4.  Өзі  «Әділет  жолы»  деп  ұққан  Кеңес 
үкіметі Шәкәрімді неге қудалады? Дін өкілдері неге наразы 


59
болды?   
II деңгей. 1. Ақын Лев Толстойды оқи отырып, нені арман 
етті? Ақынның «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» өлеңінің 
мазмұнын аш. 2. Қалқаман мен Кебекті салыстыр. 3. Еңлік 
пен Мамырды салыстыр. 4. Шәкәрім мен Абай өлеңдерінің 
ұқсастығын бірнеше мысалдармен дәлелде.
III деңгей. 1. «Дүние мен өмір» өлеңінің мазмұнын аш. 
2.  Табиғат  лирикасына  байланысты  Шәкәрімнің  қандай 
өлеңдерін  білесің?  3.  Шәкәрімнің  әндерін  ата.  4.  Мысал-
дарын ата. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет