«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


Түрі:  білімді  жинақтау,  қорыту.  Әдісі



Pdf көрінісі
бет53/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145
Түрі:  білімді  жинақтау,  қорыту.  Әдісі:  сатылай  кешенді 
талдау,  Блум  кестесі,  сұрақ-жауап,  іздендіру.  Көрнекілігі: 
жазушының  портреті,  интерактивті  тақта,  тірек  сызбалар, 
жусан шөбі, бейнебаян, қосымша материалдар.Пәнаралық 
байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. (Берілген 
буындардан  мақал  құрау  арқылы  топтың  аты  мен  топ 
басшысын сайлайды).


61
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, біз өткен сабақта 60-
90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – 
Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен таныстық. 
(Әңгімені Аянның атынан баяндау).
ІІІ.Жаңа сабақ.  Қызығушылығын ояту.
1. Ой қозғау. Соғыс тақырыбына жазылған шығармалар 
мазмұнын еске түсіру.
2. Ой шақыру. «Соғыс» сөзіне топтастыру (ойларын жеке 
жазады, жұпта, топта талқылайды)
  
Аян қандай бала? (жетім). Жетім болу себебін түсіндіру.
Аянның  ертегі  айтатындығы  жазушы  Сайынның  өзіне 
аздап  келеді.  Бірақ  Аянның  прототипі  бар.  Ол  –  ауылда 
тобығы тайғандықтан аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын 
Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау 
болған. Ал жусан шөбі неге тақырыпқа таңдалған?
Жусан туралы мәлімет беру, тақтадан суретін көрсету.
Жусан  (Artemіsіa)  –  күрделі  гүлділер  тұқымдасына 
жататын  көп  жылдық,  кейде  бір  не  екі  жылдық  шөптесін 
өсімдік,  шала  бұта.  Қазақстанның  барлық  жерінде  –  шөл-
шөлейтті  далада,  таулы  жерлерде  өсетін  81  түрі  бар. 
Жусанның  биіктігі  10–60  см,  кейде  1,5–2  м-дей  болады. 
Сабағы  тік  немесе  жерге  жайылып  өседі.  Жапырағы 
кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, 
кейде  бүтін  жиекті.  Ұсақ  гүлі  қос  жынысты,  сары  түсті, 
себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген 
сыпыртқы  гүл  шоғырын  құрайды.  Шілдеден  қыркүйекке 
дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі сирек 
 
соғыс 


62
кездесетін  эндемик  түрге  жатады,  ал  Қазақстанда  ғана 
өсетін  бір  түрі  –  дермененің  дәрілік  шөп  ретінде  ерекше                                                               
мәні  бар.  Шырғалжын  жусанның  жапырағы  мен  сабағын 
жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. 
Арасында  улы  түрі  (таврий  жусаны)  кездеседі,  оны  мал 
жемейді.  Жусан  –  құнарлы  мал  азығы,  дәрілік,  бояуыш, 
тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан 
(мысалы,  тамыржусан)  да  өсіреді.  Жусанның  иісін  «қазақ-
тың иісі» деп те айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет