«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет61/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145
Кластермен жұмыс: Әпке қандай адам?
РАФТ. Әпкеге хат.
Сыныптағы балалардың жазған хаттарынан үзінді.
Жансая: «Құрметті Қамажай әпке! Ең алдымен сіздей 
қамқор әпкеге алғысымды білдіргім келеді. Тек Қазақстанда 
ғана  емес,  бүкіл  әлем  бойынша  өзіңіздей  ержүрек,  ана 
орынына ана бола білген адамдар некен-саяқ екені – шындық. 
Мені бауырларыңызға деген сезіміңізді аяулы жар, асыл ана 
атану  бақытынан  биік  қойғаныңыз  таңғалдырды.  Жеке 
басыңыздың мәселелерін ойламай, күн мен түн тынымсыз 
еңбек  еткен,  өзіңіздің  қалауыңызды  емес,  өзгелердің 
қамын  жей  келе,  соңында  кішкентай  Ермекпен  жалғыз 
қалғаныңызды  біліп  көңілім  жабырқап  қалды.  Бірақ  сізге 
айтарым  «Ешқашан  түңілмеңіз.  Себебі  сіздей  қиындыққа 
мойынсұнбай қарсы тұра білген адамдар өмірде міндетті 
түрде бақытты болады».
Ләйлә: 
«Құрметті 
Қамажай 
әпке! 
Сіздің 
бауырларыңызға деген аса бір мейірімділікті көріп, өзіңіздің 
өміріңізде  қиындықтарға  қарсы  тұрып,  мойынсұнба-                
уыңыз осы хатты жазуға түрткі болды. Сіз ана орынына 
ана  болып,  артыңыздан  ерген  бауырларыңызды  жеткізу 
жолында еңбек еткен бейнеңіз көз алдыма келеді...»


69
Жақсылық:  «....Әпке  деген  мейірімді  жан  ғой!  Оның 
айтқан ақылы мен жүрек жылуы мен үшін ерекше. Әпкенің 
орыны ананың орынымен пара-пар десем артық айтқаным 
емес.  Менің  барлық  балаларға  айтарым:  аналарыңмен 
бірге әпкелеріңді сыйлап құрметтеңдер. Көңілдеріне кірбің 
түсірмеңдер...»
Айболат:  «Әпкенің  өмірі  басқаларға  нағыз  үлгі  бола 
алатын, алдында бас июге лайықты ғұмыр деп ойлаймын. 
Өз  артынан  ерген  бауырларына  ана  бола  білуі,  жабырқау 
көңілдеріне  медеу  бола  білуі  –  ерлікке  тең  әрекет.  Бұл 
драма адамға терең ой салып, отбасындағы адамгершілік, 
қамқорлық  мәселесін  көтереді.  Қамажай  әпкенің  алдында 
бүгін де бас иемін...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет