«Қазақ тілі» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары



бет2/3
Дата12.02.2023
өлшемі85,85 Kb.
#67227
түріСабақ
1   2   3
Дара бастауыш
Дара бастауыш – жеке бір сөзбен айтылған бастауыш.

8-слайд
Күрделі бастауыш


Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.
Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:
1. Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.
Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады

9-слайд
2. Қос сөз түріндегі зат есімдер:


Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.

10-слайд
3. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.


Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.

11-слайд
4. Сын есім тіркесі


Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.

12-слайд
5. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.


Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).

13-слайд
6. Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.


Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.

14-слайд
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша






бастауыш

баяндауыш

Ақыл – тозбайтын тон

зат есім

атау септігіндегі зат есім

Жақсы – ісімен жақсы

сын есім

заттанған сын есім

Екі жерде екі – төрт

сан есім

сан есім

Бұл – оның жақтырмағанының белгісі еді

сілтеу есімдігі

есімдік пен етістік

Сөйлеу тіліне бай болу – жас авторлар үшін өте қажет

тұйық етістік

есім сөздер

Отаным – алтын бесігім

тәуелдік жалғаулы сөз

зат есім

Көрмес – түйені де көрмес

есімше

есімше




Бастауыш туралы мәліметтермен танысады.





Слайд

30 минут

Оқулықтың 91-бетіндегі «Биологиялық алуантүрлілік» тақырыбын оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы шағын мақала жазады.
Сұрақтар:

  1. Қазақстанның экожүйесінің ерекшелігі қандай?

  2. Елімізде қандай концепция қабылданған?

  3. Биоалуантүрлілікті сақтап қалудың қандай шарасы бар?

  4. Экологиялық тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?

  5. Биологиялық алуантүрліліктің маңызы қандай?

Шағын мақала жазады.

Дескриптор:
*жанрлық ерекшеліктерді сақтайды; *стильдік ерекшеліктерді сақтайды; *тілдік құралдарды орынды қолданады; *мақала құрастады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет