, Стокгольм (Швеция), т.б. қалаларда Метролар жұмыс істей бастады. Жер асты Метро жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді- маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен Метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан , металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль , жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б.
құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты Метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде. [1] Метро немесе метрополитен (франц. метрополітаін – астаналық, грек. метрополіс – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды