сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен Метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары
құрастырмалы темір-бетоннан , металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль , жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты Метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде. [1] 44. Компьютерлік технологиялардың ақпараттық- коммуникациялық жаһанданудағы рөлі» туралы өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз. АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ INSAGRAM @11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01 Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым- қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан