онда жоқ деп айтуға болады. Бірақта бұл да басқа аурулар сияқты ауру. Оны қант диабетімен салыстыруға болады. Қан диабетімен ауыратын адам басқалардан өзгеше. Бірақта ол тәтті жемей және уақытында дәрісін қабылдап отырса толыққанды, дені сау адам қатарына жатады. 26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күні. Бұл күні бүкіл әлем қазіргі қоғамға ауыр психикалық ауру қаупі төнгенін, оны емдеу қажет екендігі туралы жар салады.
Нашақорлық бүгінде әлеуметтік ауру статусына ие болған. Ол бүкіл халықтың тобын зақымдайды және жылдам ұлғая береді. Бұл аурумен ауырғандардың нақты санын дөп басып ешкім айта алмайды. Ресми көрсеткіштерді айсбергтің шың басы деп айтуға болады. Біреулер бұл сандарды онға көбейтуге әбден болады десе, екінші біреулер тіптен елуге дейін көбейтуге болады деседі. АВИТ-жұқпасын жұқтырғандардың 97%- нашақорлар. Нашақорлықпен күрес үшін барлық позитивті қоғамдық күштер – дінбасылар, мемлекет, білім беру барлығы бірігулері қажет. 8. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет өнерінің керемет туындысы» тақырыбында ұлттық сәулет өнеріне тән белгілерді сипаттай отырып, эссе жазыңыз. АВТОР :АЯУЛЫМ АЛТАЙ INSAGRAM @11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01 Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен шежіре шертер нағыз дерек. Сол дәуірдің