ғимаратына қарап-ақ, уақыт лебі мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады. Тарихқа зер салсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас
өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының өн бойында өркениет пен ежелгі қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі. Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене түсті. Алайда архитекторлардың бір ауыздан келісетін нәрсесі – бұл елорданы ауыстыру идеясы қазақстандық сәулет өнері мен құрылысының дамуына үлкен үлес қосып, заманауи өзгеріс әкелді. "Архитектура мен құрылыс елдің тұрақтылығы мен ілгерілеуге байланысты қуат көздерінің молдығын танытатын ең басты көрсеткіштердің бірі ретінде басымдыққа ие болды", - дейді өнер зерттеушісі Халима Труспекова. «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. Айтулы ескерткіштердің ең көрнектісі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Десек те, Әзірет Сұлтан жайлы сөз болғанда, оның ұлы ұстазы Арыстан баб жайлы айтпай кете алмаймыз. Бұл кесенелердің салыну тарихы да аса тағылымды. Алтын Орданы бағындырған Әмір Темір, ендігіде дін ғұламасын ұлықтап, зәулім кесене тұрғызуға ниеттенеді. Ясы шаһарының қақ ортасында бұрын соңды болмаған құрылыс басталады. Құрылыстың ауыр жүгін бар