мүшелерін, әсіресе әр түрлі әлеуметтік, этникалық және саяси топтарды біріктіруде, билік пен халықты бір-біріне жақындастыруда маңызы айрықша болды. Ұлы тарихымыз көрсеткендей, қандай идеологиялық жүйе болмасын ол біртұтас болған жағдайда ғана қоғам өз тұтастығын сақтайды. Бір қоғамда әртүрлі идеологиялық жүйенің қатар орнауы қоғамды ыдыратып қана қоймай, сөз жоқ, мемлекеттің идеологиялық қайшылығы нәтижесінде құрыдымға кетуіне себепкер болатындығын да тарих көрсетті [6]. Қазақстандағы «Мәңгілік Ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы», – дейді Елбасы. Мұндағы «ұлттық» ұғым түсінігі барша Қазақстан халқын қамтыған мағана білдірсе, «Мәңгілік Ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді ғана болмасын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Қазақстанда елдікті нығайтып, тәуелсіздікті баянды ету үшін Елбасы «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасында 85-қадам осы «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеуді тапсырған болатын [7]. Біздің ойымызша «Мәңгілік ел» патриоттық актісі терең ойластырылған және ғылыми негізделген құжат болуы керек. Оның патриоттық, идеологиялық негізде қазақ халқының тарихи арманы көрініс табуы тиіс.
12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз. АВТОР:АЯУЛЫМ АЛТАЙ