аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. “Парыз — ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды…, және де Парыздан мықты күш жоқ, Парыздан берік сауыт жоқ, Парыздан нәзік сезім жоқ, Парыздан қатал қазы жоқ”, — дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы. Қымбатты жас өрен, қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар. Халқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады. Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу. Қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы. Міне, бүгінгі жас өрендер, сіздер, ата-бабадан келе жатқан дархандық пен бауыр¬¬малдықты, татулық пен мейірімділікті бойларыңызға сіңіре отырып, туған еліміз — Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, туған тіліміз – қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына үлес қосады, еңбек етеді деген сенімдемін. 13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл). АВТОР :АЯУЛЫМ АЛТАЙ Insagram :11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01