мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға
жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық
үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар,
ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр
білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил
болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын
құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе,
нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам
еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де
керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса
көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық,
тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды
сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл
үшін, ар үшін болсын!» - дейді
Отыз Екінші Сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек.
Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек.
Оларды білмей, іздегенмен табылмас.
Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де
керек
болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне
ғана құмар,
ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр
білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил¹ болады. Сол рахат
білгеніңді
берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп
үміттенген құмар,
махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің
жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған
Достарыңызбен бөлісу: |