оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі тасада қалуда. Осыған байланысты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен еліміздегі тіл жанашырлары қатысқан «Шетелдердегі қазақтардың ана тілін сақтау мен өрісін кеңейту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шетелде қанша қазақ бар? Әлі күнге шетелдерде мекендеп жатқан қазақтардың саны туралы нақты мәлімет бір ізге түспеген. Кездескен мәліметтерде олардың ұзын саны 3,5 миллион мен 5 миллионның аралығында екендігі айтылады. Шамамен айтқанда, Ресейде 1 млн. 400 мыңға жуық, Өзбекстанда 1 500 млн. жуық, Қырғызстанда 70 мыңға жуық, Түркіменстанда 80 мыңға жуық, Моңғолияда 100 мыңнан астам, Қытайда 2 млн. жуық, Еуропада 30 мыңға жуық, Түркияда 20 мыңнан астам, Ауғанстанда 28 мыңға жуық, Иранда 3 мыңға жуық, Украинада 10 мыңға жуық, Тәжікстанда 10 мыңға жуық, Әзірбайжанда 4 мыңға жуық, Грузияда 3 мың қазақ бар деп