«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы



Pdf көрінісі
бет73/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы 
жолындағы нақты іс-әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің 
гидротермальдық тегіне қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ 
сызаттарды қолмен ұстағандай тап басуы, әрдайым құнарлы кеннің үстінен шығуы – 
геологиядағы көрегендігі ретінде суреттелген. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлі 
кедергілерге жолығып, қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен 
жеңе жүріп, өз дегеніне жетуін Т.А.Кошкинаға жазған хаттары растайды. Қазақстанды 
жаппай жайлаған 1932 жылғы ашаршылық, әке-шешесінен айырылуы, 1937 жылғы 
зобалаңды автор былай суреттеген: « ...Атышулы 37-жылдың зобалаңы Сәтбай 
әулетіне ерекше қатты тиген. Үш бірдей бас көтерер азаматынан айырылып, соларға 
қарап отырған топты бала-шаға мен күллі ағайын есінен танғандай болып жер сабап 
қалған-ды...Ең алдымен, әрине, есімі қазақ қауымына әйгілі, Алаш қозғалысының 
белсенді қайраткерлері санатында болғаны үшін Әбікей Зейінұлы ұсталған: кең-байтақ 
қазақ жері пана болмай, әуелі Омбыға, одан да ығысып, 30-жылдары Қырғызстанның 
астана сындағы мұғалімдер институтында орыс тілі нен дәріс оқуға ауысқаны білімдар 
ағартушыға септігін тигізбеді; жаза лаушылар құрығы оны сол жерден шалды.Екінші 
кезекте Әбдікерім Жәмінұлы тұтқындалды. Әбекеңдей саяси күреске қатыспаған, ән-
әуен өнерін әуей көріп, Ақмоланың мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс 
істеп, бала-шағасын асырап жүрген бейкүнә жан еді. Амал қанша, оныкөрсетушілер 
Сәтбай қажының негізгі дәулетін иеленген Жәмін байдың тұқымы екендігін әрі 
Ақмоланың қалталы жуаны (С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» ғұмырнама 
кітабында даралап атайтын) Мәтжанның сұлу қызы Үминаға үйленгендігін мұрындық 
етіп, баяғыда ақ әскеріне еркінен тыс жол көрсеткен «күнәсін» қайыра 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет