«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен



Pdf көрінісі
бет69/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен 
ірілік, асқақ пафос, шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның романтикасын 
нақтылай түсті. Романтикаға тән «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» принципі 
Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жыр жинағынан барынша көзге түседі.Жарасқан 
Әбдірашевтің романтикасы реализммен астасып жатады. Ақынның әр жылдары жарыққа 
шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген 
шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Мағжанға тән терең 
сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі 
ақын лирикасында жаңаша қырымен түрленеді.Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір 
саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары. Түп тамыры антикалық әдебиеттен 
басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына 
жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына 
байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып, 
халық алдындағы абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге 
шығарғандар» француз әдебиетінде Ф. Вольтер, Ж. – Ж. Руссо, Э. Лебрен, орыс әдебиетінде 
В. Тредиаковский, А. Кантемир, М. Ломоносовтар». Аталмыш жанрда шеберліктерін сынап 
көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С.Пушкинді атауға болады. 
Ұлттық әдебиетіміздің тарихына назар салсақ, эпиграмманың элементтері ілгеріде-ақ бой 
көрсеткенін байқаймыз. Бұл салада Абайдың «Көжекбайға», «Шәріпке», «Жақсылыққа», 
«Қара қатынға», «Дүтбайға» сияқты өлеңдерін атауға болады. Бұл жанрға аздап болса да 
қалам тартқандар С. Торайғыров, С. Дөнентаев, М. Жұмабаевтар болды. М. Жұмабаев 
эпиграммалары белгілі дәрежеде кәсіби тұрғыда жазылған туындылар. Сондай-ақ С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет